ЧЕМПИОН АТАНДЫ

0

Ауданымызда спорт саласы күннен-күнге дамып , спортшы жасөспірімдеріміз аудан намысын қорғап,  әр спорт түрінен чемпионаттарға қатысып, жүлдегер атанып жүр.  Атап айтар болсақ, жуырда Талас ауданы Қаратау қаласында 2010-2014 жылғы туылған жасөспірімдер арасында дойбыдан Жамбыл облысының чемпионаты өтті.

Жарысқа облысымыздың аудандарынан спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Айтулы бәсекеде ауданымыздағы  №26 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дойбы бөлімінің жаттықтырушысы Ж.Заурбекованың шәкірттері  Нұрлан Қалмұхан  қарсыласынан басым түсіп, 1-орынды қанжығасына байласа. Арайлым Қалмұхан 2- орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдармен марапатталды.

аудан намысын қорғады

Тараз қаласында жасөспірімдер арасында спорттың Каратэ-до WKF түрінен Жамбыл облысының чемпионаты өткен болатын.

Осы айтулы жарысқа  Тоғызкент балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттықтырушысы Ерсін Ысқақовтың оқушысы  Дүйсенбек Әділжан қатысты. Жарыс нәтижесінде 2-орынды иеленді.

Жас спортшы өз сөзінде:

— Менің басты арманым еліміздің намысын жоғары қойып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындырып, көк байрағымды әлем ареналарында желбіретіп, жеңіс тұғырынан көріну,-деді.

Сәулет ЕСҚАРАЕВ,  «Sarysý»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.