СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 07 ақпан күні Жамбыл облысының ТЖД КСБ ӨҚ және ЖҚИТ бас маманы азаматтық қорғау майоры Е.Шонғараевтың төрағалығымен, азаматтық орғандарының қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында  Сарысу ауданы ПБ-нің полиция капитаны Арқабаев Ғазиз, аудандық орталық мешітінің бас имамы Ғ.Қабылбекұлы,  «Amanat» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі М.Прімбек, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің аудандық инспекторы М.Мырзағараевтың қатысуымен «2022 жылғы азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы шолу», «Жеке құрам арасында қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың, жеке құрам арасында жол-көлік оқиғаларын алдын алу және болдырмау шаралары туралы», «Терроризмге, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы №81 Жарлығымен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексі туралы мәселелері кеңінен талқыланып;

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңын сақтау;

— Нысанды киім үлгісін кию ережесін сақтау;

— Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін қатаң  сақтау;

— Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қатаң сақтау;

— Азаматтармен қарым-қатынаста әдепті болу және дөрекі мінез көрсетпеу;

— Жол көлік ережелері жөнінде әр түрлі әлеуметтік бейнероликтер және жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды ұстау бойынша құқық қорғау органдары қызметінің шынайы оқиғалары бейнеленген тақырыптық бейнероликтері жеке құрамның назарына ұсынылды.

Ә.Бекенов, Сарысу ауданы

ТЖБ аға инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.