БІЛІМ ОРДАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Мейірімділік-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу-әрбір адамның азаматтық парызы. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар-кез келген қоғамның негізгі тірегі.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осы мақсатта Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернаттың ашылуына 18 жыл толу мерекесіне арналған «Мейірімділік мекенім!» тақырыбында қайырымдылық кеш өткізілді. Кешке Тараз қаласының Мегаэлектрон компаниясының директоры Жаманбаев Бауыржан, Байқадам ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлмағамбетов Арқабай, «Аналар» кеңесінің төрайымы Нүркенова Ләйлә, «Майлыбай» мешітінің имамы Кәрімбеков Ғабит, Игілік ауылы мешітінің имамы Мошқалбаев Қайрат, Саудакент ауылдық аула клубының директоры, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қуандықов Саят және интернат түлегі Бақытов Әмірғали қатысты.
Кеш барысында интернат түлегі Бақытов Әмірғали өзінің осы интернаттан түлеп, қазіргі уақытта аудандық мәдениет үйінде жұмыс жасайтынын айтып, көңілді ән сыйлады. Кешке келген барлық қонақтар интернат ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Нұрмаханова Лаура Игенқызы интернаттың өркендеу жолында адал қызмет еткен қызметкерлерді, демеушілерімізді және үлгілі тәртібімен көзге түскен интернат тәрбиеленушілерін марапаттап, алғыс білдірді. Кеш барысында интернат тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш соңында демеушілеріміз Жаманбаев Бауыржан интернат тәрбиеленушілеріне тәтті тоқаштар мен сусындарды тарту етіп, мектепке керек құрал-жабдықтар сыйлады. «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш компьютер мен 80 балаға үй шәркейін сыйлады.
Ақын, ойшыл, ғалым Ж.Баласағұн “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең-мейірімділік көресің” демекші мейірімді жандарымыз көп болсын деп «Мейірімділік мекенім!» атты іс-шараға атсалысқан демеушілерге алғыс білдіреміз.
Г.Сыздықова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.