«МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңы сот жүйесінде дауды шешудің бір тəсілін көрсетеді. Бұл заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілін, тəртібін анықтайды. Жоғарыда айтылған «Медиация туралы» Заңына сəйкес медиацияның негізгі ұғымдарына тоқталсақ: Дауды реттеу келісім — тараптардың медиация нəтижесінде қол жеткізген жазбаша келісімі.

Сонымен медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда  болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан     «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Медиация термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шыққан. Медиатор — осы Заң талаптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тарататын тəуелсіз жеке тұлға. Медиация — тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тəсілі. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) — медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында, сондай- ақ, олардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым. Медиаторлар ұйымы — медиаторлардың ҚР заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың ерікті негізде бірігу үшін құрылатын коммерциалық емес ұйымдар. Медиацияға қатысушылар — медиатор жəне медиация тараптары жəне т.б. Медиацияның қолданылу саласы Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне т.б. құқықтық қатынастар туындайтын, онша ауыр емес жəне ауырылығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолдану саласы болып табылады. Айта кететін бір жағдай, медиация рəсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың жəне сот əрекет қабілетсіз деп таныған адамдардың мүддесін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын азаматтық істерде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық істер бойынша медиация рəсімі қолданылмайды. Медиацияның мақсаты дауды шешудің екі тараптың да қанағаттануына қол жеткізу, тараптардың дауласу деңгейін төмендету болып табылады. Медиацияны жүргізу қағидаттары мыналар болып табылады: 1) еріктілік; 2) медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптылығы; 3) медиация рəсіміне араласуға жол бермеушілік; 4) құпиялық:

«Медиация туралы» заңның 1-бабында оның қолданылу аясы белгіленген. Егер Қазақстан Рес-публикасы заңдарында басқаша белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау-шарлар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғни, ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қолданылады. Ал, қылмыстық істер, егер олар аса ауыр болмаса, сотта қаралуға жатпаса, оларды да медиаторлардың қарауына беруге болады. Осылардың бәрі бола тұрып медиация рәсімі қолданылмайтын жағдайларға келсек, олар төмендегідей: біріншіден, дауда дауласушыға жатпайтын үшінші тұлғалардың мүддесі қозғалса, сондай-ақ, сот шешімі мен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделі қатысы болса; екіншіден, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса. Сыбайлас жемқорлық қылмыс пен мемлекеттік қызмет туралы заңдар бұзылған жағдайда медиация рәсімі қолданылмайды. Медиация туралы не бары 28 баптан тұратын осы заңның тиімді жақтарын көпшілік түсіне алмай жатыр.

Кәсіп қой емес медиатор істі тегін қарайды. Медиацияға қатысушы дауласушы тараптар оның медиация жүргізуге кететін шығындарын бірлесіп көтереді. Медиаторға сыйақы төлеу қарастырылуы мүмкін. Медиация нәтижесіз аяқталса, дауды бұл жол мен шешуге болмайтын себептер көрсетіліп, жазбаша хабарлама жасалады және оның бір данасы азаматтық (қылмыстық) іс жатқан сотқа жолданады. Медиацияны нәтижесіз тоқтату тараптардың біреуі одан жазбаша бас тартқан жағдайда да жасалады. Медиация туралы заңның 3 бабына сәйкес оның мақсаттары дауды сотқа жеткізбей қарау, дауды шешудің екі тараптыда қанағаттандыратын жолын табу, тіпті болмаса, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.  

М.Үркімбаев,

Сарысу аудандық сотының төрағасы

Өрттің шығу себептері

Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, мас күйінде темекі шегу.

Өрт оқиғасын ескерту, адам өмірі мен дүние — мүлкін  сақтау мақсатында Сарысу ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімі пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін естеріңізге салады.

Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде:

1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды,      газ баллондарды сақтауға;

2) төсекте темекі шегуге;

3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;

4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға;

5)  жанып тұрған шырақтарды желдiң өтiне қоюға;

6) жанып тұрған шырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;

7) жанып тұрған шырақтарды қараусыз қалдыруға;

8) жанып тұрған шырақтарды балалар мен үй жануарларына қолжетiмдi жерлерде қалдыруға  жол берілмейді.

Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары! Естеріңізден шығармаңыздар, бейқамдық, отпен абайсыздық болжап болмайтын зардаптарға айналуы мүмкін.

Өрт болған жағдайда міндетті түрде «101»  немесе  «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар!

Ә.Бекенов, Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға

лейтенанты

 

Аудандық статистика хабарлайды

Сарысу  ауданының 2022 жылғы қаңтар–желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 8359,3 тонна ет, 6837,6 тонна сүт, 526,1 тонна қой жүні, 4226,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 221,4 тонна ет, 265,3 тонна сүт, 13,8 тонна қой жүні,  115,8 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 23967 басқа, қой 195506 басқа, ешкі 37245 басқа, жылқы 8524 басқа, түйе 2729 басқа, үй құстары 26554 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 1617 басқа, қой 10086 басқа, жылқы 497 басқа, түйе 189 басқа, үй құстары 889  басқа көбейіп, ешкі  2274  басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 76416,8 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 102,9 %-ды құрады.

Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 30684,6 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 19607 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 10303,5 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2743,6 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1086,4 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1657,2 млн. теңгеге сатылды.

Тұқым дәрілеу-профилактикалық іс-шара

Көктем күндерімен бірге ауыл шаруашылығы саласында қарбалас істер басталады. Әр ауыл шаруашылық тауарын өндіруші шаруа қожалықтар көктемгі егіс алдында болашақта мол өнім алу үшін егілетін тұқым сапасымен өсімдік зиянкестері  мен ауруларына  қарсы іс-шараларды талапқа сай атқару жөнінде ойлануы керек. Сондықтан осы бастан жоғары репродукциялы сапалы тұқым сеуіп, мол өнім алу қамына кірісу керек.  Өсімдіктерде өз түрлеріне  бейімделген зиянкестері мен аурулары болады. Оған қарсы күресті жүйелі түрде жүргізу шарт. Соның бірі тұқымды дәрілеу. Тұқым дәрілеу-себілетін (отырғызылатын) материалды ішкі және сыртқы өсімдік ауруларынан, егістікке себілген тұқымды және көктеп шыққан өскінді топырақ зиянкестерімен ауру таратушы микроорганизмдерден қорғау үшін химикалық заттармен зарарсыздандыру. Жүйелі тұқым дәрілеу кезінде бірқатар зиянкестер мен ауру қоздырғыштары жойылады.

Тұқым дәрілеу сонымен қатар тұқымның өнгіштігін, көктеп шығуын тездетеді. Тұқым дәрілеу құрғақ, жартылай құрғақ, сулы, ылғалды болып бөлінеді.

1.Құрғақ тұқым дәрілеуде ұнтақ түріндегі пестицидтермен дәрілейді.

2.Жартылай құрғақ тұқым дәрілеуде тұқым пестицидтің судағы ерітіндісімен өңделеді (1 т тұқымға 20 – 30 л дәрі бүркіп, дәрі бойына сіңгенше бетін жауып қояды).

3.Сулы тұқым дәрілеуде ұнтақтың сулы ерітіндісін бүркіп шашады да, бұқтырғаннан кейін кептіреді.

4.Ылғалды тұқым дәрілеуде тұқымдық дәнді дәрілеуші машиналарда сұйық дәрілермен өңдейді. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымы себілгенге дейін әр түрлі мерзімде дәріленеді. Ең тиімдісі тұқымды себерден, 2-3 ай бұрын немесе одан да ертерек дәрілеу.         Кейбір шаруа қожалықтары дәрілейтін арнаулы техника жоқтығынан тұқымды химиялық жолмен өңдеуді машина қорабында, трактор тіркемесінде, қоймалардың ішінде қолмен атқарады. Тұқымды осындай жолмен дәрілегенде тұқым өсімдік ауруларына қарсы толық залалсыздандырылмайды. Соның әсерінен түрлі өсімдік аурулары кездеседі және аталған жұмысты атқарған жұмысшылардың  да  денсаулығына зиян келтіріледі. Аталған жұмысты атқару барысында химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау, химиялық қорғаныш құралдарын қолдану ісінде санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау қажеттігін ешқашан ойдан шығармау керек. Тұқым дәрілеу үшін тұрғын жайлар мен мал қораларынан, ішуге жарамды су көздерінен 200 м қашықтықта болатын ашық немесе төбесі жабылған алаңқай алынады. Тұқым дәрілеумен айналысатын жұмысшыларға арнайы киім беріліп, олар қауіпсіздік техникасын сақтауы керек.  Дәнді дақылды өсімдіктер ауруларының  ішінде қара күйе ауруы ерекше орын алады. Оның егіс өнімділігін 15-20 пайызға дейін төмендететінін ескерсек, тұқымды дәрілеген кезде оның уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне жете назар аудару қажет. Тұқымдық материалды өсімдік ауруларына қарсы химиялық жолмен өңдеу тек қана  қара қүйе ауруы ғана емес, басқада көптеген аурулар мен зиянкестерден сақтайды. Соның ішінде мақсары қоңыр тат ауруы, жоңышқа қоңыр дақ ауруы, жүгері көпіршікті қара күйе аурулары топырақты микроорганизмдердің әсеріне қарсы тұрады және топырақ зиянкестерінен сақтап, өсімдіктердің өсуіне және дамуына жақсы әсер етеді. Тек соның есебінен әр гектардан 3-4 центнерден қосымша өнім алуға болады. Қазіргі химиялық препараттардың химиялық әсерінен бөлек құрамында өсімдікке қажетті микроэлементтердің қоспалары болады.

Дәнді дақылдар ауруларына қарсы тиімді химиялық дәрі-дәрмектер қатарына Раксил 6 % шығын мөлшері 0,5-0,6 л/тн, Витовакс 200 ФФ 34 % шығын мөлшері1,5-2,0 л/тн, Колфуго-супер 20 %, шығын мөлшері 1,5-2,0л/тн дәрілері жатады. Ескертетін жайт химиялық өңдеу алдында 1 тонна тұқымға жоғарыда көрсетілген препараттың  мөлшерін 10-15 литр сумен араластыру қажет.

Ж.Мусаева, ҚР АШМ АӨК МИК РММ

«РФДжБӘО»  Сарысу аудандық филиалының бас фитопатологы

Құтырудан сақ болыңыз

Құтырма-бұл аса қауіпті жіті вирустық жұқпалы ауру. Құтыру ауруының алдын алуға болады, дамыған ауруды емдеу құралдары жоқ. Әлемде әр 10 минут сайын құтыру ауруынан бір адам қайтыс болады.

Адамға инфекция тістеу, тырнау, құтырған жануар, ауру жануар, жаңа жараларды, адамның терісіндегі  кесектерді сілекеймен ластанған заттармен байланыста болған кезде пайда болады. Жұқтырған материалдың (ауру жануардың сілекейі) адамның аузының, көзінің, мұрын қуысының шырышты қабаттарына шашырауы мүмкін.

Вирустың құтыру қоздырғышы аурудың көрінетін белгілері пайда болғанға дейін 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болуы мүмкін екенін білу маңызды. Адам ағзасына еніп, вирус жүйке жолдарына таралады, миға жетеді, онда қабыну дамиды, бұл орталық жүйке жүйесінің өмірлік маңызды элементтерінің жұмысын бұзады, нәтижесінде өлім болады. Құтырудың алдын алуға вакцинопрофилактика және жабайы және қараусыз жануарлармен байланыста болу ережелерін сақтау арқылы болады.

Жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Кез-келген жабайы немесе жыртқыш жануар тыныш, сау, бейбіт және мейірімді болып көрінсе де қауіпті! Егер сіз орманда түлкіні, борсықты кездестірсеңіз-оларды қолыңызға алмаңыз, сипаламаңыз, тамақтандырмаңыз және үйге әкелмеңіз! Балаларға бейтаныс жануарлармен байланысуға болмайтынын түсіндіріңіз, саяжай учаскесіне келген кірпі де, үйлердің шатырларында тұратын жаралар да, саябақта кездескен сарайлар да қауіп төндіреді.

Үй жануарларын ұстау ережелерін сақтаңыз.

Үй жануарларын әкімшілік округтің жануарлар ауруларымен күресу үшін ветеринарлық станцияға тіркеңіз және оны жыл сайын құтыру ауруына қарсы егіңіз. Иттерді серуендетуге тек қысқа кірпікпен, ал күресетін немесе үлкен иттерді тұмылдырықпен апараңыз. Оларды үйсіз жануарлармен байланыста болудан сақтаңыз. Жануардың кез-келген ауруында, әсіресе құтыру белгілері пайда болған кезде (мінез-құлықтың өзгеруі, шамадан тыс сілекей, жұтылу қиындықтары, құрысулар) шұғыл түрде жақын маңдағы ветеринарлық станцияға хабарласыңыз, өзін-өзі емдемеңіз.

Егер сіздің жануарыңыз адамды шағып алса, зардап шеккен адамға мекен-жайыңызды хабарлаңыз және жануарды ветеринарлық станцияның ветеринарымен тексеріп, бақылаңыз.

Қараусыз иттермен, мысықтармен байланыста болмаңыз. Үйсіз иттер немесе мысықтар болуы мүмкін жерлерде балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Балаларға бейтаныс жануарларды сипалау, тамақтандырудың қауіпті екенін және жол бермеу екенін түсіндіріңіз.

Ықтимал ауру жануармен байланыс болса не істеу керек. Адамды тістеген, тырналған, сілекейлеген кезде жараларды және жануардың сілекейі сабынды ерітіндімен 15 минут ішінде түсуі мүмкін барлық жерлерді тез арада жуу керек, содан кейін сутегі асқын тотығының ерітіндісімен өңделеді. Жараның шеттерін 5 пайыздық йод тұнбаларымен емдеңіз. Осыдан кейін дереу тұрғылықты жері бойынша травматолог-дәрігерге хабарласыңыз, ол қажет болған жағдайда профилактикалық егу курсын тағайындайды.

Дер кезінде енгізілген антирабиялық вакцина ғана адамда құтырудың дамуынан сақтайды. Антирабиялық вакцинация курсы неғұрлым ертерек басталса, иммунитеттің дамуы тезірек болады, бұл аурудың дамуына жол бермейді. Қазіргі уақытта құтыру ауруына қарсы дәрі-дәрмектер жоқ. Құтырмаға қарсы егу тегін жүргізіледі. Үй жануарларын ұстау ережелерін, жабайы және қараусыз жануарлармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау, уақытылы вакцинация сізді құтыру ауруынан сақтайды.

С.Артықбаев, Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы   

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Бүгінгі таңда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал  ететін себептер мен жағдайларды жою өте маңызды. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.

Қазіргі қоғамда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Әрине, ең алдымен бүгінгі адал ұрпақ тәрбиелеу-қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, әр отбасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеу-басты міндет. Болашақ ұрпағымызды адалдыққа үйретуіміз керек. Тәрбие тал бесіктен басталады деген  қазақ, егер кішкентайынан баланың санасына адалдық, жауапкершілік, отаншылдық қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады. Елімізде сыбайластыққа қарсы насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Халқымызда «Еңбекпен тапқан нан тәтті»- деген асыл сөз бар. Қай кезде де адамды адам ететін адал еңбектің құндылығы жоғалмайды. Бәрімізге Мемлекеттің дамуы үшін адал еңбек етіп, табан ақы мандай термен тапқан табысты қанағат тұтып, адалдық арынан аттамау мақсатын алға қойған абзал.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Б.БОШАЙ, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарысу  аудандық аумақтық инспекциясының  бас маман – мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.