ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕДЕРГІСІЗ ӨТУІ ТИІС – НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.

Аймақ басшысы алдымен қатты дауылдың салдарынан қайта қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сұрап, сапалы әрі жедел орындалу керектігін баса айтты.

Талас және Сарысу аудандарының әкімдері жөндеу, реттеу шаралары бойынша қысқаша есеп берді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз баяндамасында ағымдағы жылыту маусымының өту барысы туралы жан-жақты тоқталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымы өткен жылдың 10 қазанынан басталып, бүгінгі күнге дейін 91 тәулігі өткен. Жылыту маусымының аяқталуына шамамен 80 тәулік қалып отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорын және 565 автономды қазандық бар.

— Аталған жылу көздерімен 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары жылумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, диспетчерлік-апаттық қызметтері тәулік бойы өз жұмысын атқаруда,-деді Құдайберген Қорғанбаев.

Сондай-ақ, баяндамашы бүгінде Жаңатас, Қаратау қалаларындағы қазандықтар қалыпты күйде жұмыс істеп, тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырғандығын атап өтті. Бұдан бөлек ол, Тараз және Қаратау, Жаңатас қалаларындағы қазандықтарды резервтік отын түрімен жұмыс істеуі үшін қосымша жаңғырту жұмыстары қажеттігін жеткізді. «Жаңатас-Су-Жылу» МКК қазандығы бойынша табиғи газ отын түріне ауыстыру жолымен қайта жаңғырту жұмыстарына  жоба-сметалық құжаты әзірленіп, сараптамадан өткізуге тапсырылған.

Шағын қалалардағы ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жобалау жұмыстарын қолға алу да маңызды мәселеге айналып отыр.

Осыған айрықша назар аударған аймақ басшысы Үкімет тарапынан соңғы жағдайларды ескере отырып, жылу желілерін жаңғырту үшін республикалық бюджеттен қайтарымсыз нысаналы трансферт бөлу мәселесі шешілгенін, алайда соңғы жылдары тозған ішкі жылу желілерін жаңғырту бойынша жобалар мүлдем жоқтығын сынға алды.

Облыс әкімі алдағы уақытта ауа райы болжамына сәйкес күннің күрт суытуы және қатты жел күтілетінін ескертіп, барлық нысандарды толық дайындыққа келтіру керектігін баса айтты. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салалары бойынша басқарма және жылу энергетика кәсіпорындарының басшыларынан жеке жауаптар алды.

Басқосудағы келесі мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков сөз алып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы тоқталды. Оның айтуынша ағымдағы жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын 770,7 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7 мың гектарға артық. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқым көлемінің, бүгінгі күнге 76,4 пайызы қолда бар.

Нұржан Нұржігітов көктемгі егін дала жұмыстарын жүргізу барысында жанар-жағармайдың жеткілікті болуын, аудандарда кепілдендірілген дизель отынын тарататын операторлармен тиісінше меморандум жасалу керектігін атап өтті.

Ал,  күн  тәртібіндегі  үшінші мәселеге сәйкес облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхамед Ниязбеков, облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, Жамбыл облысының бірыңғай диспечерлік қызметінің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдар мен басшыларының халықпен кері байланысының деңгейлеріне тоқталды. Баяндамашылар тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге қала, аудан әкімдері және басқарма басшыларының  берген жауаптарының сапасы мен мәселелердің шешілуіне, әлеуметтік желідегі белсенділігіне тоқталды.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсатын тағы бір еске салған облыс әкімі, оған немқұрайлы қараған жауапты тұлғаларды сынға алды. Осы тұрғыда кеткен кемшіліктерге сәйкес Тараз қаласының, Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарының тиісті әкім орынбасарларына тәртіптік шара қаралатын болды.

       Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Н.Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына инвестиция тартудағы жеке жауапкершіліктерін ескертті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Айта кетейік, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған инвестициялық штабтың әр  апта сайынғы отырыстарында инвесторлардың өз жобасын ұсынуы, оларға қажетті көмек, қолдау көрсету шаралары жолға қойылған. Бүгінгі таңда штабтың 23 отырысы өтіп, оларда жалпы құны 1,6 трлн теңгеден асатын 66 инвестициялық жоба қаралған. Инвестициялық штаб жаңа жобаларды ғана емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы өндіріс көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды да назарға алады.

Инвестициялық штаб қызметінің арқасында 2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Басқосу барысында облыс әкімі жүзеге асып жатқан әрбір жобаның жан-жақты есебін тыңдады. Олардың қатарында «Monterra Qazaqstan» ЖШС (тау-кен металлургия комбинатының құрылысы), «KazChemTraiding» ЖШС (цемент зауыты), «Shagala Mining» ЖШС, «Eco-chicken» ЖШС (шағын құс фермаларының құрылысы), «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС (өндірістік құрылыс материалдары), «Talas Investment Company» ЖШС (натрий цианидін өндіру) және басқалар.

Инвестициялық жобаларды қолдау аясында облыс орталығы мен ауданның тиісті бөлімдері және әкімдіктеріне инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу міндеттері жүктелген.

Аймақ басшысы бұған дейін берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау және қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарында сылбырлық танытып отырған аудан әкімдері мен бірқатар облыстық басқармаларды сынға алды.

– Қосымша жұмыс орындарын ашу үшін бюджеттен тыс қаражат көздерін қарастыру – әкімдердің жұмысының тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі екенін ұмытпаңыздар. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Инвесторлар аудан, қала әкімдерінің соңынан емес, қайта әкімдер оларды іздеуі керек. Дайын ұсыныстарды күтпей, әлеуетті инвесторларды өздеріңіз табыңыздар, – деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі бұл саладағы төмен көрсеткіштер үшін тиісті басшылардың жеке жауапкершілігін ескертті.

Бұл күні Нұржан Нұржігітов «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штаб отырысын өткізді. Инвесторлар керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт, металлургиялық кешен, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтикалық зауыт салу бойынша жобаларын ұсынды.            

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Н. Нуржигитов предупредил акимов районов и руководителей управлений о персональной ответственности за привлечение инвестиций

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел совещание по вопросам  привлечения инвестиций, сопровождения и реализации инвестиционных проектов.

Для укрепления контактов с инвесторами глава региона еженедельно во вторник проводит заседания инвестиционного штаба, где готовы выслушать каждого, кто готов презентовать свой проект и оказать необходимую помощь. На сегодняшний день в ходе 23 заседаний рассмотрены 66 инвестиционных проектов, суммарная стоимость которых превышает 1,6 триллиона тенге. Инвестштаб рассматривает не только новые проекты, но и предложения по увеличению объемов производства на действующих предприятиях.

Благодаря деятельности инвестштаба за 2022 год в обрабатывающую промышленность привлечено 63 млрд. тенге инвестиций.

В ходе совещания аким области заслушал детальный отчет по каждому проекту, который находится на стадии реализации. Среди них – ТОО «Monterra Qazaqstan» (строительство горно-металлургического комбината), ТОО «KazChemTraiding» (цементный завод), ТОО «Shagala Mining» (предприятие по кучному выщелачиванию медных руд), ТОО «Eco-chicken» (строительство мини-птицеферм), ТОО «Кнауф Гипс Тараз» (производство строительных материалов), ТОО «Talas Investment Company» (производство цианида натрия) и другие.

В рамках сопровождения инвестиционных проектов на профильные ведомства и акиматы областного центра и районов возложены задачи по обеспечению инфраструктурой, выделению земельных участков.

Подводя итоги совещания, глава региона подверг критике работу акимов районов и ряда областных управлений за затягивание сроков  исполнения протокольных поручений, подготовки необходимых документов.

— Одним из критериев оценки эффективности деятельности акимов является привлечение внебюджетных средств для создания дополнительных рабочих мест. Но пока результатов этой работы не видно. Акимы районов и города должны бегать за инвесторами, а не они за ними. Не ждите готовых предложений, ищите сами потенциальных инвесторов, — сказал Нуржан Нуржигитов.

Аким области предупредил, что за низкие показатели в этой сфере ответственные лица будут нести персональную ответственность.

В этот же день Нуржан Нуржигитов провел заседание инвестштаба во фронт-офисе «Правительство для бизнеса». Инвесторы представили проекты по строительству завода по производству керамических изделий,  металлургического комплекса, агрокомплекса, фармацевтического завода.

Пресс-служба акима

 Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.