МҰЗДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

0

Ынталы су қоймасы және аудан аумағында орналасқан су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізуде.

Профилактикалық рейдтердің басты міндеті- халыққа мұзға шығу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды екенін жеткізу, әсіресе бұл кәмелетке толмағандарға қатысты. Су қоймалары қазірдің өзінде мұзбен жабылған, бірақ балаларға шығу әлі де қауіпті. Сондай-ақ, мұзда балық аулау әуесқойларының көпшілігі көлдің толығымен қатып қалғанына және алаңдайтын ештеңе жоқ екеніне сенімді, бірақ температураның өзгеруі мұз жамылғысының беріктігін төмендететіні анық. Патрульдеу кезінде профилактикалық әңгімелер мен брифингтерге, сондай-ақ жадынамаларды таратуға ерекше назар аударылады.

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі еске салады:

— Тыйым салынған жерлерде мұз үстінен өтпеңіз!

— Көлік құралдарымен мұзға шықпаңыз!

— Қараңғыда және нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз!

— Аяқпен мұздың беріктігін тексермеңіз!

— Мұздың жекелеген жерлерінде топтарға жиналмаңыз!

— Балаларды қараусыз балық аулауға, шаңғы тебуге және коньки тебуге жібермеңіз!

— Мас күйінде мұзға шықпаңыз!

Балық аулауға (аң аулауға) кету алдында жақындарыңызға балық аулау (аң аулау) бағыты мен орны, ойлаған қайту уақыты туралы ескертіңіз. Бұл ақпарат қауіпті оқиғалар кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Есіңізде болсын, жұқа мұзда жүру өмірге қауіп төндіреді!

Құтқару қызметінің телефоны-112

Гололёд, будьте осторожны

В целях обеспечения безопасности в водоемах, расположенных на территории района, сотрудниками отдела по чрезвычайным ситуациям Сарысуского района ежедневно проводятся профилактические рейды.

Главная задача профилактических рейдов-донести до населения, что при выезде на лед очень важно соблюдать правила безопасности, особенно это касается несовершеннолетних. Водоемы уже покрыты льдом, но выходить детям все равно опасно. Кроме того, большинство любителей подледной рыбалки уверены, что озеро полностью замерзло и беспокоиться не о чем, но очевидно, что изменение температуры снижает прочность ледяного покрова. Во время патрулирования особое внимание уделяется профилактическим беседам и брифингам, а также раздаче памяток.

Отдел по чрезвычайным ситуациям Сарысуского района напоминает:

— Не проходите по льду в запрещенных местах!

— Не лезь на лед с транспортными средствами!

— Не лезь на лед, когда темно и плохо видно!

— Не проверяйте прочность льда ногами!

— Не собирайтесь группами на отдельных участках льда!

— Не отпускайте детей на рыбалку, катание на лыжах и коньках без присмотра!

— Не лезь на лед в пьяном виде!

Перед отъездом на рыбалку (охоту) предупредите близких о направлении и месте рыбалки (охоты), времени возвращения. Эта информация может быть полезна во время опасных событий.

Помните, ходьба по тонкому льду опасна для жизни!

Телефон Службы спасения-112!

Leave A Reply

Your email address will not be published.