ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтарындағы №28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 мамырындағы №226 бұйрығында айқындалғандай жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі. Осыған байланысты Сарысу ауданынан басқа аудан, қалаларда оқып білім алып жүрген Сарысу ауданының тұрғылықты 2006 жылы туылған ер азаматтары әскери есепке тіркелу үшін Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келіп, тиісті құжаттарды өткізіп, әскери есепке тіркеліңіздер.
- Жеке куәлік көшірмесі, ЖСН.
- Туу туралы куәлік көшірмесі.
- Аттестат (куәлік) көшірмесі.
- Оқу орнынан анықтама.
- Оқу орнынан мінездеме.
- Көлемі 3×4 см төрт фотосурет
Ю.Сериков,
Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлім бастығы,
подполковник