ТҰРҒЫН ҮЙ ОТ ТҰЗАҒЫНА АЙНАЛМАС ҮШІН

0

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және №16  өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері халықты барынша қамти отырып, аулаларды аралауды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс жылыту кезеңінде тұрғын үй мақсатындағы өрт қауіпсіздігі айлығының,  қазан-наурыз кезеңі шеңберінде жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың  15.08-01.12.2022 жыл аралығында өтетін өрт қауіпсіздігі айлығының 1-кезеңінен бастап аула аралау жүргізілді,  1445- астам үй қамтылды,   5500 адамға нұсқау берілді.

Қайғылы оқиғалар пешті жағу ережелерін бұзу және өмір мен  денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым  қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Жұмыс барысында өрт сөндірушілер тұрғындарға өз қауіпсіздіктеріне жете көңіл бөлу керектігін ескертті. Сондай-ақ «Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шаралар тұрмыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында жүргізіледі. Тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, бұзушылықтарды  жою бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ одан әрі танысу үшін өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша суреттелген жадынамалар таратылды. Профилактикалық жұмыс өртпен күресте маңызды құрал екенін есте ұстаған жөн. Азаматтар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, өздерін және көршілерін қорқынышты апаттан-өрттен қорғайды.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады.

Гүлбану ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.