ҮЙІРМЕ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІР ТОҚСАНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

0

Сарысу ауданы білім бөлімінің Техникалық шығармашылық орталығының педагогикалық ұжымымен үйірме оқушылары 2022-2023 оқу жылының бірінші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық, облыстық, республикалық, шығармашылық байқауларға қатысып, жоғары жетістіктерге ие болуда.

Осының нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы 2022 жылдың 29 қыркүйек  күні  10 — 17 жастағы жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауын өткізді. «Рухани жаңғыру» және «Балалар жылы»  бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқау оқушылар мен орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық деңгейін ұштастыруға бағытталған.

Байқауға облысымыздың мектеп оқушылары мен колледж студенттері өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Сарапшылар 10 номинация бойынша қатысушылардың жобаларына баға беріп саралады. Яғни, ауылшаруашылығы, өндіріс саласы, әскери техника, авиация саласы, космонавтика және аэрокосмос, су көлік саласындағы, жылу энергетикасы, құрылыс, автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу робототехника саласы бойынша жұмыстары ортаға қойылып, үздіктер анықталды.    

Осы жарысқа орталықтың 13 оқушысы 10 номинация бойынша қатысты.

Сарапшылардың шешімімен үйірме оқушылары «Өндіріс саласындағы  техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Электрлі құм елегіш» Кәрібай Шадияр жетекшісі Бұзауов Әбілқасым І дәрежелі дипломмен, «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Әмбебап трактор» (жем, шөп тартатын) Айтқұл Бақдаулет  жетекшісі Байулиев Сапарғали І дәрежелі дипломмен, «Заманауи жайлау» (ауыл шаруашылық кешендері) Тәңірберген Айсұлу жетекшісі Мұқашева Қорлан ІІ дәрежелі дипломмен, «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Мүмкіндігі шектеулілерге арналған арба» Лесбекұлы Елдос жетекшісі Қыдыралиев Айдос ІІ дәрежелі дипломмен, «Балаларға арналған вело- қаркүрегіш» Нұрланұлы Нұрдаулет жетекшісі Ынтымақов Мади ІІ дәрежелі дипломмен, «Ағаштан жасалған веложаттықпа» Алтен Азамат жетекшісі Тойжанова Дана ІІІ дәрежелі дипломмен, «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Әскери палигон» Өміртай Сағи жетекшісі Дәріпбаев Ерлан ІІ дәрежелі дипломмен, «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Ғ-2-А кеме үлгісі» Алтынбек Ақылбек жетекшісі Қайратұлы Ержан, «Қайық» Маханбетұлы Бекнұр жетекшісі Түймебайұлы Алданыш ІІ дәрежелі дипломдармен, «Құрлыс облысындағы жобалар» номинациясы бойынша «Орталық ғимараты» Қалихан Арайлым жетекшісі Ахилбекова Айнұр ІІ дәрежелі дипломмен, «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер» номинациясы бойынша «Жел гинераторы» Жексенбі Әсет жетекшісі Амалбеков Жасұлан ІІ дәрежелі дипломмен, «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер» номинациясы бойынша «ТШО зымыраны» Ербосын Бақдаулет жетекшісі Абилов Рауан ІІІ дәрежелі дипломмен, «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» номинациясы бойынша «3 D модельдеу» (еркін тақырыпта) Берғали Елжан жетекшісі Жетпісбаев Жомарт ІІІ дәрежелі  дипломмен және облыс бойынша      командалық   есепте   Сарысу ауданы Техникалық шығармашылық орталығы ІІ дәрежелі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының  дипломдарымен марапатталды. «Балалар жылы» аясында Қазақстан Республикасы оқу– ағарту  министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы 12 қазан 2022 жылы өткізген республикалық «Шебер жас техниктер» байқауында «Жүреміз, ұшамыз, жүземіз» номинация-сы бойынша «Кеме үлгілеу» үйірмесінің оқушысы Мамбетұлы Мирас ІІІ дәрежелі дипломмен жетекшісі Түймебайұлы Алданыш Алғыс хатпен марапатталды. 

Сондай-ақ «Балалар жылы» аясында әртүрлі іс – шаралар арнайы жасалып бекітілген жоспарларға сай атқарылуда.       

Мұстафа Алжанов,

Техникалық шығармашылық

орталығы директорының

орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.