АРДААРДАГЕРГЕ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

0

Тарих – өткенге сабақ, келешекке-өнеге. Осы орайда ата-бабамыздың ғибратты ғұмырын әйгілейтін мұраларды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа мұра етіп қалдыруда мұражайдың алар орны ерекше. Мұражай – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Ол бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыратын мәдени орын.

Ауданымызда музей Саудакент ауылында орналасқан. Өткен аптада музейде ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Отыншы Әлібаевтың құрметіне бұрыш ашылды.

Ашылу салтанатына ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, ардагердің отбасы, ауданның Құрметті азаматы Алтын Досжанова және еңбек ардагерлері қатысты. Басқосуға қатысушыларды ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан, өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық, ауданның Құрметті азаматы Отыншы Әлібаевтың өмірімен, еңбек жолдарымен Саудакент мәдениет үйінің қызметкері Бақытжан Исаев таныстырып өтсе, ауданның Құрметті азаматы Алтын Досжанова ардагердің туған жердің жанашыры ретінде аудандағы әрбір істің басы-қасынан табылып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өте зор үлес қосқанын жеткізді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ осы жерден  халықтың жанынан табыла білген біртуар тұлға жайлы мәліметтер таба алатынын жеткізді.

Іс-шара барысында ардагерге арналған бұрыштың лентасы қиылды. Бұрышқа ардагердің алған марапаттары, жеке ұсталған бұйымдары, студент кезінен өмірінің соңына дейін түскен суреттері қойылған.

Басқосу соңында ардагердің жұбайы Ақбай Ысқақова жүрекжарды лебізін жеткізіп, музей ұжымына алғысын білдірді.

Камели Сүлейменова,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.