ҚАДІРІМДІ БІЛМЕГЕН ҚАДІРЛІМ-АУ…
айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…
Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа жанды, Маржанды жақсы көремін…
Келесі күні үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрсе жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай, бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шартын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай, жасырын ұстауымды сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп — жалғыз ұлымыз Асқардың 1 айдан соң университетке түсетіндіктен, қабылдау емтиханы кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім. Екінші шарты да бар. Үйленген күні, есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апарып жүруімді сұрады. Басында «Есінен ауысқан ба?» деп ойладым. Бірақ, өткен жылдардың құрметіне келістім…
Бұл туралы сүйіктім Маржанға айтып едім, бір күлді де «Әйелің — қияли жан екен» деп мазақ етті. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан, ол да бұл шартты орындауыма келісті.
Бірінші күні-еш сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды. Көтергенімде, қасымда тұрған ұлым бізге қарап «Бір-біріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті…» деп қуанышын жасыра алмады. Бұл сөздер ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып, құлағыма «Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма!» деді. Мен үндемедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол өз жұмысына, мен өз жұмысыма кеттім.
Екінші күні — бұл ойынды ойнау оңай болды. Оған көптен бері назар аудармай, оның бетіне түскен майда әжімді де байқамаппын. Шаштар арасына ақ шаштар түсіпті. Өткен жылдардың ізін көріп қатты ойландым.
Үшінші күні — оны құшағыма алғанымда, ішімде бір сезім пайда болды. Өмірінің 20 жылын маған арнаған әйелге деген керемет бір сезім…
Келесі күні — ішімдегі сезім күшейе бас-тады. Болашақ жарым Маржанға бұл туралы айтқан жоқпын. Әйелімді күннен-күнге көтеріп жүру — Жазира екеумізді бақытқа бөлей бастады.
Бір күні оның «Не кисем екен?» деп ойланып тұрғанын көрдім. Бұрынғы киімдері өзіне кеңейіп бара жатқанын айтты. Расында да, соңғы күндері қатты арықтап кеткенін енді байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз «Әке, Анамды құшағында тасуың керек…» деді. Жазираны құшағыма алып жүру — үйіміздің бір дәстүріне айналды. Әйелім ұлымды қасына шақырып, күлімсіреп құшақтады. Оны құшағыма алып тасығанымда — тура үйленген жылдарымыздағыдай сезім кештім.
Сезімім еріксіз өзгере бастады. Соңғы, яғни отызыншы күні — оны есікке дейін апара жатып, одан барлығы үшін кешірім сұрадым… Үйден шығып, Маржанға барып, әйеліммен ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені, сезімнің жоқтығынан емес, бір-бірімізді бағалай алмағанымыздан екенін енді түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүлдер алып, арасына «Сені өмірімнің соныңа дейін — құшағымда таситын боламын» — деп жаздым.
Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте жатыр екен. Қасына бардым. Әйелім демалмай жатыр екен… Жедел-жәрдем шақырдым. Дәрігер:
— Әйеліңіз 4 айдан бері ОБЫР ауруымен ауырған екен. Өкінішке орай, ауруы асқынып кетіпті. Содан, көз жұмды. Қайғыңызға ортақпын… — деді.
Қатты өкініп, жыладым. Басқамен жүріп, әйелімнің ОБЫР ауруымен арпалысқанын білмей де қалыппын. Ал ол менің қамымды ойлап, өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, ұлымыздың алдында мені Анасын тастап кеткен жаман Әке ретінде көрсетпеуге тырысыпты. Ең болмағанда ұлымыздың есінде мені жақсы Әке, жақсы жұбай болып қалуымды қалапты.
«Қадірімді білмеген қадірлім-ау, Қабірімді құшақтап, жылап қалма…» деген сөз осы тұста айтылуы тиіс. Жаныңызда жүрген жандарды жоғалтқан соң емес, тірі кезінде бағалаңыз!
Достар, қайдасыңдар?
Сiрә, тойдасыңдар?
Бәлкім қалың ойдасыңдар:
Жүрсiңдер жүдеп,
Уайымым «үй деп, күй деп….»
Үтiктi суырдым ба?
Кiрлерiм жуылды ма?
Есiк ілiндi ме,
Бiтпейдi жырың мүлде!
Одан да алға қара,
Үйде ме бала?
Жарыңды таптың,
Ата-ененi бақтың!
Кредиттi жаптың ба?
Жаптың!
Айлығың бәрiне жетедi,
Қарызға,
Тойға,
Азық-түлiкке кетедi.
Өмiр осылай өтедi….
Бiр күнi тiршiлiк бiтедi….
Алдыңнан ақырет күтедi….
Сондықтан, достар,
Қамшының сабындай өмiр-қысқа,
Қайта айналып келмейдi,
Көктем менен қыста…
Бақытыңды жаныңда ұста.
Нағыз өмiр сүретiн тұста
Қапыда қалма
Басыңды көтер,
Намазыңды өте,
Қалжыңға да уақыт тап,
Уайымың кетер…
Өмiр сүрiңдер,
Ойнап, күлiңдер!
Мына жалғанның
Кадiрiн бiлiңдер!
Сыйласыңдар,
Сырласыңдар,
Бәрiң жүзден асқанға дейiн,
Әлi бiр ғасыр бар!
Жанұяңмен жексенбiде,
Достарыңмен дүйсенбiде,
Бауырыңмен бейсенбiде,
Кластастармен бiр сенбiде,
Кездесiп,
Жүздесiп,
Бiрлесiп,
Тiлдесiп тұрыңдар!
Өмiр бiр рет келедi,
Соны ұғыңдар!
Бүгiннен қалмай,
Ертеңге жоспар құрыңдар…..
Жарай ма, құрдас,
Бiр-бiрiңнен
Жағдай сұрас…. ДОС
Жазып алған: Ырысты Байжанова.
Қоғам және пробация
Біздің еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметі енгізілгеніне 7 жыл болды. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.
Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі істі болған азаматтарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация қызметі осы бағытқа сай келеді. Жалпы, пробация сөзі, қазақ тіліне аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындау керек. Осылайша байқаусызда сүрінгендер болса, оларды темір торға іліктірмей, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру.
Осы мақсатта ауданымызда Жамбыл облыстық жастар ұйымдары қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің және «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырумен өмірлік қиын жағдайға түскендерді, мемлекеттік бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінде есепте тұратын жастармен келесідей іс-шаралар өткізілді.
Есепте тұрған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында 6 рет психологиялық тренинг-семинарлар және олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік құқықтарын қалпына келтіру мақсатында 10 рет заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмектер көрсетілді. Бас бостандығын айыру орнынан босап шыққан 1 азамат мекен-жайға есепке тұрғызылып, жеке куәлік алынып берілді. 3 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылып сертификаттары алынды. Сотталғандарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында, спорттық және мәдени бағытта түрлі іс-шаралар өткізіліп, жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сарысу аудандық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыстырылып, нәтижесінде 5-адам мемлекеттік «жастар практикасы» және «қоғамдық жұмыс» бағдарламалары арқылы жұмыспен қамтылды.
Жасұлан Райымжанов,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің заңгері
Тұрғындар назарына ұсынылуда
Ауыл жұртшылығы Саудакент ауылдық мәдениет үйіне келіп, кино тамашалауда. Бұл шараның мақсаты кино тамашалауға ауыл жұртшылығының көзқарасын қалыптастыру, халқымыздың рухани қазынасына айналған «Қазақфильм» туындыларын тарих қойнауынан шығарып, мәдени ошақтардан тамашалауға мүмкіндік жасау. Саудакент ауылдық мәдениет үйінің киномеханигі Рахметулла Бексейітов халық көңілінен шығуға тырысып, бар мүмкіндіктерді пайдаланып, апта сайын кино қойып, халықтың игілігі үшін, тәрбиелік мәні зор кино туындыларды ауыл жұртшылығының назарына ұсынуда.
Көңілді демалайық!
Балалар жылына орай Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Көңілді демалайық!» атты думанды жастар кеші өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, достық қарым-қатынас орнату, қабілеттерін шыңдауға бағыт беру.
Оқушылар тек қана өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, түрлі ойындар ойнап, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Жастар кешін жүргізуші Бақытжан Исаев ыстық лебізін білдіре отыра, әрмен қарай жалынды жастар қатарының көбеюіне бірге атсалысып, сапалы білім алып, саналы, тәрбиелі жас болуға шақырды. Кеш соңы жастардың би кешіне ұласты.
«Sarysý-Aqparat»
КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ
Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №45-2 шешімімен бекітілген учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы №34-3 шешімімен әр түрлі жағдайларда шығарылуына байланысты, бос орындарға комиссия құрамдарын жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:
1) №363 сайлау учаскесі – 2 (екі) орын;
2) №364 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
3) №365 сайлау учаскесі – 5 (бес) орын;
4) №366 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
5) №367 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
6) №368 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
7) №370 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
8) №376 сайлау учаскесі – 2 (екі) орын;
9) №378 сайлау учаскесі – 2 (екі) орын;
10) №381 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
11) №382 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
12) №383 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
13) №387 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылдың 30 қарашасынан 14 желтоқсанына (15 күнтізбелік күн) дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (Өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады);
4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылушы Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.
Аудандық мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы,оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 14 желтоқсанына дейін, дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-18:30 дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс -13:00–14:30 дейін.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
8 (726-34) 6-20-25,
6-26-80, 6-33-90 факс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі тураазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 28.04.2015 жылғы №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі — Стандарт) мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі белгіленген.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жүгінген күні бір сағаттың ішінде, ал үй жағдайында, мамандандырылған мекемелерде, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында емделіп жатқан жері бойынша қызмет көрсетуге 4 сағат бөлінеді.
Стандарт бойынша мемлекеттік қызметті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты медициналық-әлеуметтік сараптама (әрі қарай — МӘС) бөлімдері көрсетеді.
МӘС бөлімдері адамдарға мүгедектік тағайындайды, оның мерзімін, мүгедектік себеп-салдарын, жалпы және/немесе кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылудың дәрежелерін анықтайды, мүгедектерге мұқтаждығына қарай жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік, кәсіптік бөліктерін әзірлейді, оңалту іс-шараларының түрлерін алуға ұсыныстар береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе оның заңды өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
МӘС бөлімдері демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін қызмет көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, МӘС маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Сонымен қатар, адамдар мүгедектік анықтамасын жоғалтқан немесе анықтамадағы жазулары өшірілген, көрінбеген жағдайда «Электрондық Үкімет» порталына жеке кабинеті арқылы адамдар мүгедектігін растайтын ақпаратты 1 сағат аралығында алуына болады.
Қ. Байтелиева,
Жамбыл облысы бойынша №6 медициналық-әлеуметтік
сараптау бөлімінің басшысы
2022 жылдың 9 айында балаларға 324 млрд. теңгеге медициналық қызмет көрсетілді
МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22 %-ға өсті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында балаларға медициналық көмекке қанша қаражат жұмсалғаны туралы есеп берілді.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылғанын еске салды. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында хабарлағандай, емханаларға тіркелген балалар саны жыл сайын артып келеді. 2020 жылы туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі 6 млн. 290 мыңға жуық, 2021 жылы 6 млн. 467 мыңнан астам, ал 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 6 млн. 568 мыңнан астам бала тіркелген.
«Өткен жылы балаларға ТМККК және МӘМС аясында жалпы 350 млрд. теңгеге медициналық көмек көрсетілді. Биыл 33 %-ға өсім күтілуде. 2022 жылдың 9 айында 324 млрд. теңгеге медициналық қызметтер көрсетілді», – деп Қорда атап өтті.
Шығыстардың негізгі үлесін амбулаториялық-емханалық көмек (53%) құрайды. Ағымдағы жылдың 9 айында оған 232 млрд. теңге жұмсалды.
Осы кезеңде балалар тәулік бойғы стационарларда 300 мың жағдайда 70 млрд теңгеге жуық, күндізгі стационарларда 39 мың жағдайда 3 млрд. теңгеге жуық қаражатқа емделді. Бұдан басқа, ауылдық стационарларда 15 млрд. теңгеден астам сомаға 120 мыңға жуық бала ем алды. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге 768 жағдай бойынша шамамен 3,4 млрд теңге бөлінді. МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық оңалту сынды маңызды бағыт қарқынды дамып келеді. Балалар көрсеткіштері бойынша оңалтуға тегін жіберіледі. Аталған кезеңде тәулік бойғы және күндізгі стационарлар жағдайында 70 мыңға жуық бала 12,6 млрд теңгеден астам қаражатқа емделді.
Сондай-ақ аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Аталған кезеңде балаларды профилактикалық тексеруге шамамен 30 млрд теңге бағытталды. 9 айдың қорытындысы бойынша мектеп медицинасы қызметтері үшін 20 млрд теңге төленді. 9 айдың қорытындысы бойынша күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық гемодиализ қызметтері 13 млрд теңгеден астам сомаға көрсетілді. Балаларды амбулаториялық дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлінді.
«МӘМС жүйесі халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Талдау көрсеткендей, МӘМС бойынша стоматологиялық көмектің негізгі тұтынушылары балалар болып табылады. 2022 жылдың 9 айында 25,1 млрд теңгеге 8,8 млн-ға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді», – деп мәлімдеді Қор өкілдері.
Жалпы алғанда, 1 балаға арналған шығыстар 2021 жылғы 54,1 мың теңгеден 2022 жылы 65,8 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Егер сізде медциналық қызмет көрсету бойынша сұрақтар туындаса, оларды өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне хабарласып, қоя аласыз. Егер ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы
На 324 млрд. тенге оказано медицинских услуг детям за 9 месяцев 2022 года
Внедрение системы ОСМС позволило больше средств направить на профилактику и лечение детского здоровья. Расходы системы здравоохранения на одного ребенка выросли на 22%. В Фонде социального медицинского страхования отчитались, сколько средств направили на оплату медпомощи детям.
Как известно, 2022 год объявлен Годом детей. В Фонде социального медицинского страхования напомнили, что дети в Казахстане застрахованы в системе ОСМС автоматически – с момента получения ИИН до достижения совершеннолетия за ребенка взносы платит государство. Это позволяет детям получать медпомощь не только по ГОБМП, но и входящую в пакет обязательного социального медицинского страхования.
Как сообщили в Фонде социального медицинского страхования, численность прикрепленного к поликлиникам детского населения ежегодно растет. В 2020 году было прикреплено порядка 6 млн 290 тыс. детей в возрасте от 0 до 17 лет, в 2021 году – более 6 млн 467 тыс. детей, а по итогам 9 месяцев 2022 года – более 6 млн 568 тыс. детей.
«В прошлом году медицинская помощь детям в рамках ГОБМП и ОСМС оказана в целом на 350 млрд тенге. В этом году ожидается рост на 33%. За 9 месяцев 2022 года оказаны медицинские услуги уже на сумму 324 млрд тенге», – отметили в Фонде.
Основную долю расходов составляет амбулаторно-поликлиническая помощь (53%) – за 9 месяцев текущего года она оказана на 232 млрд тенге.
В круглосуточных стационарах за этот период пролечены дети по 300 тыс. случаям госпитализации на сумму около 70 млрд тенге, в дневных стационарах – по 39 тыс. случаям на сумму около 3 мрлд тенге. Кроме того, порядка 120 тыс. случаев пролечены в стационарах на селе на сумму более 15 млрд тенге. На оказание высокотехнологичной медицинской помощи детям по итогам 9 месяцев 2022 года направлено порядка 3,4 млрд тенге по 768 случаям.
Внедрение системы ОСМС позволило развивать такое важное направление как медицинская реабилитация. Детей по показаниям направляют на восстановительное лечение бесплатно. За указанный период около 70 тыс. случаев прохождения детьми реабилитации в условиях круглосуточного и дневного стационаров профинансировано на более чем 12,6 млрд тенге.
Важное значение имеет профилактика заболеваний. За указанный период на профилактические осмотры детей направлено порядка 30 млрд тенге. Около 20 млрд тенге оплачено за услуги школьной медицины по итогам 9 месяцев. Услуги программного гемодиализа в условиях дневного стационара по итогам 9 месяцев оказаны на сумму свыше 13 млрд тенге. Амбулаторное лекарственное обеспечение детей профинансировано на 5 млрд тенге.
«Как известно, система ОСМС позволяет оказывать бесплатную стоматологическую помощь социально уязвимым категориям населения. Анализ показывает, что основными потребителями стоматологической помощи по ОСМС являются дети. За 9 месяцев 2022 года оказано уже около 8,8 млн услуг стоматологии на сумму 25,1 млрд тенге», – привели данные в Фонде.
Отмечается, что в целом расходы на 1 ребенка увеличились с 54,1 тыс. тенге в 2021 году до 65,8 тыс. тенге в 2022 году.
Если у вас остались вопросы, вы можете задать их в своей поликлинике, обратившись в Службу поддержки пациента. Если помочь на месте вам не смогли, то можно направить обращение в Фонд социального медицинского страхования по удобному каналу связи: официальный сайт fms.kz, контакт-центр 1406, мобильное приложение Qoldau 24/7 и SaqtandyryBot в Telegram.
Эти же инструменты позволяют проверить статус застрахованности. Также проверить свой статус в системе медицинского страхования и узнать о произведенных платежах можно посредством государственной услуги «Информация о медицинских услугах и о перечисленных суммах в ОСМС» на сайте электронного правительства РК egov.kz в разделе «Здравоохранение».
Филиал по Жамбылской области НАО
«Фонд социального
медицинского страхования»
өрттің шығу себептері
Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, мас күйінде темекі шегу.
Өрт оқиғасын ескерту, адам өмірі мен дүние — мүлкін сақтау мақсатында Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін естеріңізге салады.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде:
1) балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға;
2) төсекте темекі шегуге;
3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;
4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға;
5) жанып тұрған шырақтарды желдiң өтiне қоюға;
6) жанып тұрған шырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;
7) жанып тұрған шырақтарды қараусыз қалдыруға;
8) жанып тұрған шырақтарды балалар мен үй жануарларына қолжетiмдi жерлерде қалдыруға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары! Естеріңізден шығармаңыздар, бейқамдық, отпен абайсыздық болжап болмайтын зардаптарға айналуы мүмкін.
Өрт болған жағдайда міндетті түрде «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар!
Ж.Нұрмаханұлы, Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Әскер қатарына баруға
баса назар аударылуда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес Сарысу ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда аудан әкімінің аппарат басшысы Жұмат Сақыпбеков, Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, әскерге шақырту жұмыстары бойынша Саудакент ауылының тұрғындарымен кездесті. Күзгі әскери қызметке Байқадам ауылдық округі бойынша 119 азамат пен олардың ата-аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге әскерге шақырту алған азаматтар мен олардың ата-аналары қатыстырылып, қорғаныс саласының мамандары ел қорғаны болатын ерлердің азаматтық борышын өтеу бойынша жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында ауыл тұрғыны «Семей» сынақ ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жеңіс Әмірбеков өз сөзінде көкірегінде намысы, бойында күш-қуаты бар, Отан үшін отқа түсетін әрбір азамат әскер қатарында болып, ел тыныштығын күзетуге өз үлесін қосу керектігін жеткізді.
М.Аймағанбетов,
ауылдық округ әкімі