QazNetEtiquette ӘДЕП КОДЕКСІ

0

Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні шығыс №05-24/3807 хатымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы Министрліктің бастамасымен әзірлеген Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған «QazNetEtiquette» әдеп кодексін (бұдан әрі – «QazNetEtiquette» кодексі) және ҚР мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Өшпенділік тіліне» мониторинг жүргізу және алдын алу туралы әдістемелік нұсқаулықты жолдаған болатын.

Аталған құжаттар халықаралық және қазақстандық құқық нормаларына сүйене отырып, әлеуметтік желілер ықпалының артуы жағдайында интернет кеңістікте араздық дискурсының таралу тәуекелін, ксенофобия және адамдар арасындағы төзімсіздік көріністерін азайтуға және болдырмауға бағытталуымен өзекті.

«QazNetEtiquette» Әдеп кодексі қоғамның барлық топтарына арналған және ұсынымдық сипатқа ие. Ол ақпараттық кеңістікте позитивті этносаралық коммуникациялар мәдениетін қалыптастыруға, этносаралық «өшпенділік тілін» қолданбау бойынша азаматтардың байыпты шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Онда «өшпенділік тілінің» анықтамасы, араздық дискурсын таратқаны үшін заңдылық пен моральдық айыптау шегі, адам құқықтары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы мәліметтер және интернет-коммуникациялардағы қарым-қатынастың нақты ережелері (ұсынымдары) бар.

Әдеп кодексінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, оны жергілікті телеарналар мен коммуникациялық алаңдар және аудандық басылымдар мен әлеуметтік желілер арқылы халық арасында таратуды іске асыру жұмыстарын жүргізу қажет (Кодексті ғана).

ҚР мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Өшпенділік тіліне» мониторинг жүргізу және алдын алу туралы әдістемелік нұсқаулықта «өшпенділік тілінің» критерийлері көрсетіліп, оны анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг жүргізу әдістемесі, мониторинг деректерін құрылымдау, алдын алу шаралары көрсетілгендіктен қала, аудан әкімдіктерінің адам құқықтары саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жүктелген (құқықтық қамтамасыз ету, терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөліміне) және ішкі саясат бөлімдері  жауапты болуы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулық адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын және этносаралық қатынастар бағытында жұмыс жүргізетін мемлекеттік қызметшілерге арналғандықтан түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет (дөңгелек үстелдер, семинарлар т.с.с. ақпараттық-түсіндірме жұмыстары).

Қала және аудандарда атқарылған жұмыстар бойынша есепті (қатысқан мем.қызметшілер санын көрсете отырып) 2022 жылдың 27 қарашасынан кешіктірмей облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына жолдануына ықпал етулеріңізді сұраймыз.

Қосымша: 92 парақта. Қазақстанда этносаралық «өшпенділік тілінің» алдын алуға арналған «QazNetEtiquette» әдеп кодексі мен «Өшпенділік тіліне» мониторинг жүргізу және алдын алу туралы ҚР мемлекеттік қызметшілеріне арналған қазақ және орыс тілдеріндегі әдістемелік нұсқаулық.

Е.Үйсімбаев,

облыс әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.