САРЫСУ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Сарысу аудандық Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ заңының республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру туралы талаптарына сәйкес 11 сәуір 2022 жылы құрамына 13 адамды қамтып Сарысу аудандық мәслихаттың ұйымдастырған жұмыс топтары арқылы қалыптастырылып, қоғам мүшелерінің дауыс беруі арқылы осы қоғамның төрағасы Ералиев Шынайдар Бекұзақұлы болып сайланған болатын.
Осы мерзім аралығында Қоғамдық кеңес 11 рет өз отырысы шақырылып, оның қарауына 17 мәселелер ұсынылды, нәтижесінде қоғамдық кеңестің 2022 жылы атқаратын жұмыстарының іс-жоспарын бекітіп, онда қоғамдық кеңестің 3 комиссиялық топтарын құру, кеңестің хатшысын сайлау, аудандық су шаруашылығының жай күйі, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларынан суармалы жерлерге бөлінетін су тарифтері, «Казфосфат» ТКӨК мен «Жаңатас көлік» ЖШС арасындағы тендер, қоғамдық кеңес мүшелігіне, оның кандидаттар құрамынан толықтыру, кеңес хатшысының кандидатурасын келісу, төралқа құрамын бекіту, кеңес пен төралқа отырыстарының өткізу мерзімдері, қоғамдық негіздегі сараптама топтары, Қазақстан Рес-публикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті рпевенция басқармасымен бірлескен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің іс-қимылдары туралы мәселе, аудандық қоғамдық кеңестің жартыжылдағы жұмыстары, кеңестің құжаттық жұмыстары туралы мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылданды. Қабылданған шаралар бақылауға алынып, оның орындалуы жөнінде тиісті мекеме, кәсіпорындардан құжаттар жинақталуда.
Атқарылған жұмыстардың ішінара жағдайына тоқталып өтсек: онда аудан көлемінде шаруа қожалықтарының жайылымдық, шабындық жерлер мен егістікке арналған жерлердің бөлінуі, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларынан егістік алқаптарға берілетін судың тарифтері бойынша Жайылма ауылдық округінде көшпелі отырыстар өткізілді, «КазФосфат» және «Жаңатас көлік» ЖШС арасында өткізілген тендерлер бойынша бірнеше рет жиындар ұйымдастырылып, ол мәселе «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» ТКӨК басшылары мен аудан әкімінің орынбасары С. Мамытовтың қатысуымен талқыланып, ондағы 70-ке жуық жүргізушілерді жұмыспен қамту мақсатында өзара келісімге тоқталуға қол жеткізілді. Аудандық Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша комиссия мүшелерінің тікелей қатысуы нәтижесінде қалалық жобадан тыс салынып жатқан құрылыс нысандары тоқтатылды.
Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша департаменті рпевенция басқармасымен бірлескен отырысында агенттік бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдағандығы, бизнестің мүдделерін қозғайтын тергеу әрекеттерін келісу алгоритимі әзірленетіндігі, өңірлерде мемлекеттік сатып алу саласындағы ірі кәсіпкерлер лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйақылар беруге мәжбүр болатын тәжірибе барлығы, мұның себебі кейінгі конкурстарға қатысудан шеттету немесе тапсырыс беруші және бақылаушы органдар тарапынан қудалауға түсу болып табылатындығы, сол сияқты, қылмыстық істерді тіркеу және қылмыстық қудалау орбитасына тарту жағдайларында бұл жұмыс орындарына, бюджетке салық аударымдарын және жалпы алғанда, адамдар мен олардың жақындарының тағдырына кері әсерін тигізетіндігі, бөлінетін қаржының азаюы және оны мақсатсыз жұмсау нәтижесінде өндірілетін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеп, кәсіпорындардың беделіне нұқсан келтіретіндігіне айрықша көңіл бөлінді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысы ағымдағы жылдан бастап ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылып жатқандығы, бекітілген кестеге сәйкес, облыс әкімдігінің басқармаларында ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысын Қоғамдық кеңес мүшелерімен қарастыруды қажет деп санайтындығы талқыланды.
Дегенмен де аудандық кеңестің мүшелерінің түрлі себептермен 2 отырысқа толық қатынаспауы нәтижесінде жоспарлы 4 мәселе қараусыз қалып, кейінге шегерілді.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заң талаптарына байланысты қоғамдық кеңестің комиссия төрағалары құрамынан және жергілікті атқарушы органдардың өкілінің тарапынан құрылған төралқа отырысы 3 рет өткізіліп, онда 17 мәселе, оның ішінде 6 мәселе аудан тұрғындары тарапынан берілген ұсыныс, арыз-шағымдар болса, атап айтқанда аудандық мәдениет үйі, аудандық жер комиссиясы, Ұйым ауылы тұрғындары арасындағы мал басының араздықтары, қоғамдық кеңес төралқасының шешімі, Жаңатас қаласы Құрылыс ықшам ауданының Абай, Құрақбай, Шакиров және Құдайбердиев көше тұрғындарының жолаушылар тасымалдауы мәселелері талқыланды. Басқа экономикалық, әлеуметтік, коммуналдық, ауыл шаруашылық салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. Нақты тоқталып өтетін болсақ: Ақтам ауылына кіре беріс 12 км жолын аудандық маңызы бар құқын беру, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №18-2 шешіміне сай 2022-2024 жылдарға арналған қала және ауылдық округ бюджеттері, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №19-4 шешіміне сай Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілген қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету мен мөлшерін бекіту, 2020 жылғы 15 маусымдағы №75-2 шешіміне сай Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету және Сарысу ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау, қоғамдық кеңестің комиссияларының жұмыс жүргізу тәртібі, аудандық ауыл шаруашылық құрылымдары ветеринариялық жұмыстардың жайы, Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердегі, елді мекендерде газ балонын тиімді пайдалану және дала өрттері мен жануарлардың қауіпсіздігінің алдын алу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, аудандағы колледж түлектерінің сандық-сапалық құрамы және білім сапасы, 2022 жылғы мектеп бітірушілердің үлгерім сапасы, оқытушы кадрлармен қамтамасыз етілуі, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және балабақшалардың қол жетімділігі және балабақшаға орналастыру процесі туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, олардың орындалуының барысы бақылауға алынды.
Қала тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі болған Жаңатас қаласының «Құрылыс» ықшам ауданындағы Абай, Құрақбай, Шакиров көшелерінің тұрғындарының қалаға автобустармен қатынау жұмыстарының барысы жайлы мәселе Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д.Шалбаев, көше тұрғындары атынан Шагиров Аманжолдың қатынасуымен және қалааралық жолаушылар тасымалдау жұмыстары бойынша Ж.Шакированың ұсынысымен мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Соның нәтижесінде «Құрылыс» ықшам ауданындағы Абай, Құрақбай, Шагиров көше тұрғындарының қалаға қатынауы үшін 2023 жылдың өткізілетін тендері конкурсына ендіріліп, аудандық бюджеттен арнайы қосымша қаржы қаралатын болса, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстардың көлемі бойынша қала және аудан әкімдігі бөлімі тараптарынан маршрут графиктері қайта қаралып, әрбір аялдамаларға бекітілген кестелер ілініп қойылды, оның кестеге сәйкес жүруі бойынша рейдтер жүргізілді.
Аудандық қоғамдық кеңестің төралқа отырысының қабылдаған шешімдері бойынша орындалған сұрақтарға сай нақты жауаптар алынды. Аудан әкімдігі қала ішіндегі маршруттарға қосымша Абай, Құрақбай көшесімен жүру маршрутты 2023 жылы өткізілетін тендерге қосу жөнінде аудан әкіміне хабардар етілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша Сарысу ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының есебі тыңдалды.
Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, жоғарыда көрсетілген аудан мәслихатының шешіміне сәйкес жергілікті бюджет тағайындалғаны, тұрғын үй көмегін алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы №539 бұйрығының 1 қосымша мен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпоратциясы комерциялық емес акционерлік қоғам арқылы және «электронды үкіметтің веб порталы» арқылы жүзеге асырылатындығы атап көрсетілді. Жыл басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы бөлімге 315 өтініш тіркелген. Тұрғын үй көмегіне 2022 жылы барлығы 5 миллион қаржы қаралған, 01 қараша 2022 жылға қаралған қаржының 45,4 пайызы, 2 миллион 271 мың теңгесі -155 отбасына, оның ішінде 541 адамға тағайындалып төлеген.
Сонымен қатар «Аграрлық сектор, ветеринария саласы, ауылдық аймақтарды дамыту, әлеуметтік сала, техногендік үрдістер, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану» жөніндегі комиссия мүшелерінің ұсынысымен Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердегі, елді мекендерде газ балонын тиімді пайдалану және дала өрттері мен жануарлардың қауіпсіздігін алдын алудың іс-шаралар туралы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Танабаевтың есебі тыңдалды:
Жыл басынан бері бөлім тарапынан өрт қауіпсіздік іс-шаралары бойынша 74 нысанға (2021ж.-37) өрт-техникалық тексеріс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеріс саны-38, ал жоспардан тыс тексеріс-36 болған.
Қазіргі таңда ауданда құрылған мобильді топпен 53 рейд жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 9 тұлғаға жалпы сомасы 68917,5 теңге айыппұл салынды, 34 тұлғаға ескерту тәртібімен әкімшілік іс қозғалды. Аудан аумағында жыл басынан бері барлығы 28 (2021ж. -21) өрт оқиғасы тіркелген, жарақат алған және қаза болған (2021ж. — 6) адам жоқ. Өрттен келген шығын 18 млн. 574 мың (2021 ж. -25 млн 995мың) теңгені құрайды.
Тоғызкент және Досбол ауылдық округтері табиғи газ көзін пайдаланса, Жаңатас қоса алғанда 7 ауылдық округ газ баллондарын тұтынады. Газ баллонының өрт-жарылыс қаупі жоғары екенін негізге ала отырып, аудандық Төтенше жағдайлар және Жаңатас қаласы №16 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен қала және елді мекен тұрғындарына, адам көп шоғырланатын орындар мен дәмханаларда және де газ қондырғысы орнатылған автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша тұрақты түрде үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жылыту маусымында бөлім қызметкерлерімен әлеуметтік қатер тобындағы адамдар тұратын 375 пәтер араланып, 332 үйге кіріп, үйдегі өрт қауіпсіздігін қарау мүмкіндігін жасады, деп атап өтті.
Сонымен қатар Сарысу ауданы бойынша 4 ауыл тұрғындары (Тоғызкент, Әбілда, Майлыкөл, Досбол – 2469 адам, 341 жеке тұрғын үй) табиғи газды пайдалануда (16 пайыз). Қазіргі уақытта ауданымыздың 14 елді мекеніне жеткізуші және ауыліші газ құбырларын салу құрылыстары жүргізілуде (Қызыл Дихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Бүркітбаев, Арыстанды), жоба құрылысының құны 7,7 млрд. теңге, құбыр ұзындығы 362 шақырым.
Жаңатас қаласында 97 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы дерлік сұйытылған газ балонын пайдалануда. Осы пайдаланып жатқан балондардың 60-70 пайызының тиісті жарамдылық мерзімдері өткеніне тоқталды.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірқатар олқылықтарды жою мақсатында нақты шаралар қарау қажеттігі ұсыныс етілді.
Атап айтқанда: Сарысу аудандық вет.станция мен ҚР.АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы жұмыстары бойынша:
— Сарысу ауданының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерін жөндеу, оларды қажетті құрал — саймандармен қамтамасыз ету, мал сою ғимараттарының жұмысын жандандыру, тиісті мамандармен толықтыруды шешу, кәсіпорында интернет желісін жолға қою, қызметкерлер айлық табыстарын мезгілінде алуын қамтамасыз ету, арнайы техникаларды тиімді пайдалану, оны жөндеу жұмыстарына баса назар аударып, қажетті қаржы бөлуді жоғарғы органдарынан сұрау аудандық ветеринария станциясының басшысынан талап ету.
— Аудан көлемінде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды арнайы бекітілген жоспар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және мал бастарын қолдан ұрықтандыруды жетілдіру, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды жүргізудің тиімді жолын нақтылап басшылыққа алу аудандық ветеринария станциясының басшысы А.Оспановтан сұрау.
— Тасымалдануға жататын ауыл шаруашылығы жануарлары мен жануарлар өнімдеріне ветеринариялық анықтамалар беруде заң талаптарына сәйкес жүргізу, биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді қатаң басшылыққа алу, ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруды жетілдіру, жұқпалы емес аурулар бойынша арнайы бекітілген прейскурант бойынша ақылы қызмет түрлерін аудан тұрғындарына көрсетуде ұйымдастыру шаралары жетілдіру.
— ҚР.АШМ ветиринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы жануарларды аурудан қорғау бойынша бақылау, елді мекендердегі халық денсаулығын жануарлар мен адамдарды ортақ ауруларынан қорғау, ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аудан аумағына басқа мемлекеттерден алып келген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан сақтау және бекітілген профилактикалық – диагностикалық ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну.
— Ветеринариялық саласы бойынша кадр мамандармен қамтамасыз ету, ветеринария мамандарының жылына бір рет аттестациядан өткізілуіне қол жеткізу, ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттердің талапқа сай болуын талап ету аудандық аумақтық инспекция басшыларынан талап ету жөнінде төралқа шешім қабылдады.
Сонымен аудандық біріктірілген қорғаныс бөлімінің есебі тыңдалып, жылдың мезгілдерінде әскери қызмет қатарына шақыру жоспар бойынша ауылдық округ әкімдерімен тығыз жұмыстар жүргізу, әскери қызмет ету түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне жасақталған жастардың құрамына, сапасына қарай іріктеу жұмыстарын жүргізу шаралары жақсарту жөнінде ұсыныс етілді.
Жаңатас көпсалалы колледж жұмыстарының есебі бойынша:
— Жаңатас көпсалалы колледжі мемлекетіміздің алға қойып отырған стратегиялық мақсаттағы білім беруді жаңғырту саласындағы отандық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, ғылыми, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының мазмұнын жақсарту, мамандарды даярлауда білім сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыру бағытында жұмыстарды одан әрі жандандыру мәселесі басты назарда болуы ұсыныс ету.
-2021-2022 оқу жылына жасалынған жоспарға сай әдістемелік жұмыстарды талдау, пәндер бойынша оқу және тәжірибелік КТЖ, ЖБ құжаттамаларын модульдік технология негізінде жасау, кабинет меңгерушілері мен топ жетекшілері арқылы жас мамандарға тәлімгерлер бекіту, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын артыру, жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жандандырып, ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды ұйымдастыру басты назарда болуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасалынды.
Сарысу аудандық оқу бөлімінің жұмыстарының қорытындысы бойынша:
— Сарысу ауданы көлемінде еңбек ететін педагогтардың мамандығын шыңдап отыру нәтижесінде мектеп оқушылырына берілетін білімдердің сапасын арттыру, олардың арасындағы тәрбие жұмыстарын жақсарту мақсатында бағдарламалық бағыттағы салалық істерді жетілдіру аудандық оқу бөліміне ұсыныс жасалынды.
Сарысу аудандық Қоғамдық кеңестің «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер және қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен байланыс және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» мәселелері бойынша комиссия мүшелерінің ұсынысы бойынша «Жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы» мәселелер қаралды. Оның қорытындысы бойынша:
— Сарысу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, аудандық мекеме, кәсіпорындармен, құқық қорғау органдары, баспасөз ақпарат құралдары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып атқарылған жұмыстарды кеңінен жариялығын нақты арттыру ұсынылды.
— Аудандағы білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдарының, білім мекемелері басшыларының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесу шараларын ұйымдастыру, семинар-кеңестер, дөңгелек үстел, акцияларды өткізу тәжірибелерінің жариялылығын арттыру, ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қолжетімді ақпараттарды орналастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіру, барлық мемлекеттік органдардың ғимараттарында сенімді телефондар мен қаржы полициясының байланыс ақпараттары туралы мәліметтерін ілу ұсыныс етілді.
— Аудан мектептері мен мемлекеттік балалар бақшаларының материалдық техникалық базаларын толықтандырудың жүйелі жұмыс тәсілдерін жасап оның орындалуын қамтамасыз ету, ауылдық округтердегі мектеп, балалар бақшаларын сапалы сумен қамтамасыз етудің жобалық сметалық құжаттарын жасау, оны іске асыруда жоғарғы органдарға мәселе етіп қоюды басшылыққа алу, аудандық оқу бөліміне ұсыныс жасалды.
Ш.Ералиев,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы