СЕССИЯ ӨТТІ

0

ғымдағы жылдың 22 қараша күні аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов және аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34-ші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда:

Күн тәртібіндегі мәселе — «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Кенешбаева Найля Төлеубекқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасады.

Комиссия құрамы бойынша аудандық мәслихат депутаты Е.Көлбаев тарапынан ұсыныс айтылып, ауызша қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың  білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс, әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның атқарып отырған жұмысы туралы аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының ауданда іске асырылу барысы туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Қыдырбаев хабарлама жасады.

Аудандық мәслихаттың депутаттары қойған сауалдарға хабарламашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қатысушылармен талқыланып, қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.