САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0

2025 жылдың 9 сәуір күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессияның күн тәртібіне ұсынылған:

— Сарысу аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарламасы;

— Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №37-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

— «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы;

— Ауданда білім саласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы;

— Ауданда ауыл шаруашылығы саласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы;

— Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі;

— Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі;

— Сарысу ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;

—  «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

— Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды.  Көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов түсіндіріп, баяндамашы және тиісті мекеме басшыларының тарапынан жауаптары берілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар тиісті шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.