Кезектен тыс сессия өтті
Ағымдағы жылдың 12 тамызы күні Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов, қала әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне: Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №37-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе ұсынылды.
Аталған мәселе бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды. Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, мәслихат депутаты Талғат Наханов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов пен баяндамашы, тиісті ауылдық округтің әкіміне Тоғызкент ауылындағы футбол алаңшасын жөндеуге қажетті қаржыны бөлу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, мәслихат депутаты Асанбай Сейналиев аудандағы бірқатар мектептердің жылу жүйелерін жөндеу үшін жоспарланған қаржының мерзімінде бөлінуін бақылауға алу қажеттігін жеткізді.
Көтерілген сұрақтар бойынша баяндамашы және тиісті ауылдық округ әкімінің тарапынан жауаптар берілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасы қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты