ОНЛАЙН КУРСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы Сарысу, Талас, Шу аудандары білім бөлімдерінің пән мұғалімдеріне «Жаһандық құзіреттіліктер» тақырыбында арналған біліктілікті арттыру онлайн курсын 07.11-18.11.2022 жыл аралығында курс жетекшісі:Аманова Гульхан Сабырхановна өткізді.
Сарысу ауданының білім бөлімінің жолдамасымен аудандық білім беру мекемелерінен 10 педагог қатысып, білімдерін жетілдірді.
«Жаһандық құзіреттіліктер» курсының ерекшеліктері білім алушылардың қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға арналған жұмыстың белсенді тәсілдерін түсіндіруді, білім алушылардың тиімді дағдыларын дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды құрастыру жолдарын мазмұнды жеткізді және біздің өміріміздегі парасаттылық пен әдеп салтын тәжірибелі іс-әрекет арқылы этикалық нормаларды үйрету мен ұлттық және жалпыадамзаттың, құндылықтардың маңызын түсіндіре отырып, көпмәдениетті және рухани адамгершілік қасиеттерін дамытуды алға қойды. Қазіргі қоғамдағы өмір қауіпсіздік мәдениетін талдай отырып, киберқауіпсіздік негіздері мен интернеттегі ақпарат көздерінің сенімділігін талдай отырып, білім алушылардың зерттеулік дағдыларын дамытуды жүзеге асыруды жүйелі түрде түсіндірді. Оқу барысында экологиялық мәдениет-қоғам мен табиғат аралығындағы қатынастарды үйлестірудің негіздерін талқыладық. Волонтерлік қозғалыстың экологиялық және әлеуметтік мәселелердің алдын алудағы ролін дәйекті мысалдар келтіре отырып, өз ортамызда қайырымдылыққа, ұлттық болмысын көпмәдениетті және рухани адамгершілікке тәрбиелеу әрбір ұстаздың алға қойған мақсаты мен парызы екенін ұғындыр-ды. Әділетті жаңа Қазақстанның болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу білікті ұстаздардың міндеті мен парызы.
Б.Тайкешова,
Ақтоғай орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы