ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі — ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Біздің қоғамда мұндай әрекеттерге орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
«ҚР АШМ ВБжҚ Комитетінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде азаматтардың арыз-шағымдарын және ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшігі орнатылған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын жіті қадағалауда ұсталынып келеді. Осы мақсатта «ҚР АШМ ВБжҚ Комитетінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде 2-15-83 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметкердің бүгінгі күнгі мақсаты мен негізгі қызметінің мәні — Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай міндетін атқару болып табылады.
Мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметкер осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс.
Қ.Шарипов,
ҚР АШМ ВБжҚ Комитетінің
Жамбыл облыстық аумақтық
инспекциясының
Әдеп жөніндегі уәкілі
Б.Бошай,
ҚР АШМ ВБжҚ Комитетінің
Сарысу аудандық аумақтық
инспекциясы басшысының м.а.