ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСКЕНДЕ ҒАНА НӘТИЖЕ БОЛМАҚ

0

Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылмайды. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата — бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алу жағдайларының түп – тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Президентіміз алға тартқан міндет – жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлыпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы деп білу керек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Жамбыл облысы филиалы Сарысу аудандық

әлеуметтік  қамтамасыз ету бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.