ЖЫР ДҰҒА ЖАЗДЫМ ҰРПАҚҚА ЕТІП АМАНАТ ЖАЗУШЫ МАРҚҰМ НЕСІПБЕК ДӘУТАЕВТЫҢ РУХЫНА АРНАЙМЫН
Ғажайып мына өмірді ұға білген жөн,
Сырларын терең ақылмен кемел түйген жөн.
Әр күні дастан есігін ашқан жаңалық,
Мейірімін төккен көңілмен көктем сүйген жөн.
Елемей кезбе мән бермей сөзге кей кезде,
Долданып ісіп кейіпке түсіп өр кеуде.
Адамдық бейне жоғалып кейде кетеді,
Ібіліс болып жүрекке лағнет енгенде.
Келгенде сабыр адамның жанын тыныштар,
Қойылған мақсат арман боп алға құлшынтар.
Жетелеп арман шықса ол алдан арайлап,
Қолға алған істі шешуге дұрыс ұмтылтар.
Жасынан Алла бойына сабыр қалыптап,
Енгізіп жігер жолдарын жүрер анықтап.
Ерекше ойлы жан болды зерек зейінді,
Жан дүние шуақ біліммен енер азықты ап.
Үлкенді тыңдап сөз маржан жинап бағалы,
Жан тербер асыл санаттар ақыл сананы.
Ізденіп тынбай назарға ерте ілікті,
Тыншытпай жанын жетелеп алға талабы.
Қатардан озып ойымен озақ тұратын,
Тереңге еңдеп алысқа сермеп құлашын.
Көрікті оймен көңілдің көгін аралап,
Сананы шайқап, сөз терді маржан шын асыл.
Бой кернеп дарын ой зерлеп таным түйсігін,
Келген ой тұнық оятып бұзып ұйқыны.
Толассыз жазды өрнектеп келген ойларын,
Бермеген ұйқы есігін ашық сыр түні.
Жорналшы оқу орнына сырттай тапсырды,
Сағына күтіп шығатын алдан бақ күнді.
Толықты білім кеңейді ұғым парасат,
Өмірге керек көздерін дерек нақ білді.
Тілшісі болып үн жария аудан айнасы,
Жеткізер хабар кең болған ағар арнасы.
Еңбегі адам асырап даңқын мақтады,
Өз елін сүйген еліне тиген пайдасы.
Сынменен жебе жолдарын кесіп кемшілік,
Жат істі жөнсіз қоғамға қарсы енші ғып.
Тосқауыл қойып келеңсіз болған істерге,
Қоғамға керек көрсетіп жолын кеңшілік.
Қаламы жүрдек сардары сөздің атанды,
Көреген көзбен істерден қорғап жасанды.
Қарымы елге атағы кеңге жайылды,
Дуалы сөзді жорналшы деген ат алды.
Ауқымы өсіп таныммен білік деңгейі,
Бірге боп елмен көбейіп көзбен көргені.
Дастаны өмір кітапты жазды тағлымды,
Тереңдеп ашып сыр бүккен тарих көмбені.
Болымы бөлек тұлғасы биік адамдық,
Жан дауа тірек аңсаған жүрек адалдық.
Түсетін қиып семсері болған әділдік,
Алынбас жауға қорғалған шындық қамы нық.
Бір өз і дара ұқсамай кеткен басқаға,
Болады десе жатқан бір маңғаз ақ дала.
Адамның сансыз ішінен айқын танисың,
Айтуға лайық тұлға деп нағыз мақтана.
Түсінбей жанын біреулер сырттан кундеді,
Надандық торлап көрсоқыр болып тілдеді.
Қорғаны Алла ой-жаны арға жүгінген,
Ерекше жанның өз елі болды сүйгені.
Түсінде көрді ақиық Жамбыл бабасын,
Мейірімін төгіп ұсынған ымдап саясын.
Қуанып тұрды бұл тылсым Сырды ұғынып,
Ұрпаққа азық беретін тарих бағасын.
Қолға алды істі тарих боп тамыр тартатын,
Жалғасы өмір ұрпаққа сенім артатын.
Атынан баба арнайы жорнал ашуға,
Қаражат жинап құлшынды іздеп жарнасын.
Көрсетіп демеу жүрегі жомарт адамдар,
Жаятын тамыр жақсы істің мәнін бағамдар.
Жүзеге асты алдына қойған мақсаты,
Қалатын мұра болатын куә замандар.
Тыншыды жаны жорналы кеңге таралып,
Өнеге өріс тәлімі зор деп баға алып.
Қаламгерлердің басшысы облыс атанды,
Жұмысы оң деп көргені мол деп саналып.
Жарылқасынменен байланып жүрек тамыры,
Оранып ділге үндесіп бірге жан үні.
Аға мен іні болды ғой достық тұғыры,
Бақ дәулет қонған ерекше болған танымы.
Заңғарға биік сыйластық туын байлаған,
Өмірін мәнді ұлтына туған арнаған.
Бөлінбей жүзге ұлты боп қазақ баласы,
Бір тұтас болып қазанда ұлттық қайнаған.
Көрінбей кетсе сағынған іздеп ағасын,
Өзіне дана көтеріп аға бағасын.
Достығын қимас көргендер жыр ғып айтады,
Қылаусыз өткен бұл неткен ғажап жарасым.
Биіктік тұғыр әркімдер шыға алмайтын,
Шайтан боп шығып шақырып алдан арбайтын.
Артылып сенім биікке шықса тұғырлы,
Болады адам жақсылық жолын жалғайтын.
Өтімді сөзі осындай еді қос тұлға,
Жалғаннан ада кіршіксіз таза дос тұнба.
Тағдыры жетіп інісі кетті бақиға,
Бөлініп жолдан айырылды болған қос тума.
Қазасы ауыр тиді ғой абзал ағаға,
Қауыммен нөпір намазы өтті жаназа.
Қойнауы төрге анасы жерге тапсырды,
Ортайып көңіл айналып өмір азаға.
Ұзамай көпке ағада кетті бақиға,
Жүрекке түйген назасын айтып ғасырға.
Кездескен шығар тілеуі бірге қос жүрек,
Құранда айғақ әлемі барзақ басында.
Басылған айқын артында даңғыл із қалды,
Мұра боп қалған жүріліп өткен сындарлы.
Хаты бар өсиет таңбалы тасқа қалдырған,
Уақыты жетіп ашатын терең сырларды.
Жыр дұға жаздым ұрпаққа етіп аманат,
Жеткенде күні оқиды болып азамат.
Адамның жақсы ешқашан аты өлмейді,
Тұрғанда дәуір айналып заман ғаламат.
Жаратқан ием бір Алла өзі жар болып,
Сөзімнің жазған сауабын берсін бағалап.
Рәтбек қажы Сүлейменұлы,
Саудакент ауылы 21 мамыр 2022 жыл