«ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

0

Астана қаласында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Qazaq kuresi» Ассоциациясының ұйымдастыруымен  Астана қаласында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті.

Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысып, 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 салмақта  бақтарын сынады.

Нәтижесінде облыс, ауданы-мыздың намысын қорғап, 66 келіде белдескен Нұр Аманшүкіров «Дала қыраны» титулына ие болып, өз салмағының «Бас балуаны» атанды. Сондай-ақ, жеңімпаз белдігі мен 10000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.

Н.Аманшүкіровқа алдағы жарыс-тарда жеңіс тұғырынан көрінуіне сеніміміз мол.

«Sarysý-

Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.