МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылы Жайлаукөл орта мектебінде  ауыл тұрғындарымен жиын болып өтті. Жиынға Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Дариябеков қатысып,  ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын түсіндіріп берді.

Шаруа қожалықтар мен өндірістік аймақтарға кәсіпкерлік нысандарға қажетті инфрақұрылымдарды оның ішінде электр қосалқы стансалары, электр энергиясын тарту, сутартқыштар орнатуға мемлекеттік қаражат есебінен мүмкіндік қарастырылғанын жеткізді.

Аталған жұмыстарды жүргізгісі келген азаматтар шаруа қожалығын ашып, жобалық сметалық құжаттама әзірлейді және оны мемлекеттік сараптамадан өткізіп ұсынады. Бұл жұмыстарды несие рәсімдеу арқылы жүргізуге болады. Неси бес жылдық мерзіммен жылдық сиақы мөлшері 14% пайызбен алуға болады. Оның 8% пайызын мемлекет субсидиялайды, шаруашылық құрылымының төлеуіне 6% пайызы қалады.

Барлық несиелік қаражаттар кепілдікке мүлік қою арқылы Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеуге болатындығы ауыл тұрғындарына түсіндірілді.

Н.Жабалбаев,

ауылдық округ әкімі аппаратының

маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.