ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ-ШАРУАЛАРДЫҢ ШАРУАСЫН ШАЛҚЫТУ

0

Соңғы уақытта ауданда егістік пен мал шаруашылығы жыл сайын алға жылжып келеді. Қазіргі таңда ауданда жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес саланы дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда аудандағы төрт түліктің саны артып, жақсы көрсеткішке қол жетіп отыр.

 

Әрине бұл салада шаруа-лар төрт түлік өсіру үшін қамба астыққа толып, жем-шөп қажет ететіні бәрімізге мәлім.  Шаруалардың шаруашылығын дөңгелетіп кетуіне кедергі болатын ағын  су мәселесі. Аудандағы ағын су тапшылығын болдырмау және ауылшаруашылығы өнім көлемін арттыру  мәселелерді шешу мақсатында   жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру  бағытында ауданымызда  қолға алынып, біршама жұмыстар атқарылуда.

Жуырда Талас өзенінің арнасында техника келе алмау себепті  ауылдық округтердің ерікті азаматтарымен  жүз метр көлемінде  тоған байлау қол жұмысы жасалынған болатын.  Құм толтырылған қаппен су кетеді- ау деген  жерлердің  арнасын жапқан.  Аудан орталығына  су арнасы бұзылып, ағын судың бағыты Талас ауданының жеріне құйылып жатыр деген хабарлама келіп түскен болатын. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов жедел штабтық жиналыс өткізді. Бұзылған арнаға Байқадам, Жайылма, Жаңаталап, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтерінің ерікті жасақтарынан құралған 30 адам, экскаватор техникасы арнаны бекітуге атсалысты. Жұмыс нәтижесінде құм толтырылған жүзден аса қап төселініп, экскаватор техникасымен ұзындығы 500 метр жерді дамбылады. Су деңгейі көтеріліп, ағысы жақсарды. Сондай-ақ, Талас  өзенінен келе жатқан  судың жылдамдығын арттыру үшін  Қайқы көліне су кетіп жатқан  арнаға тоған байлау жұмыстарын атқарып, Досбол ауылдық округіне қарай  ауыр  техникамен  арна тазалығын жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов:

-Бұл аймақтар қаймағы бұзылмаған, ежелден ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан шаруашылықты өңір. Мемлекетіміздің басты ұстанымы — елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру, әрбір тұрғынымыздың үніне құлақ асу, пікірімен санасу. Ел тұрғындарының бастамасына қолдау көрсетіп, әр азаматтың үнін есту — ең басты міндетіміз. Тұрғындар айтып жүрген ағын су мәселесі еді. Осы мәселені шешу жолында тиімді жұмыстар атқарып, жайылымдық, шабындық жерлерді суландырып, шаруаларға қолайлы жағдай жасауымыз қажет.  Басқа айтылған мәселелердің ешқайсысы да жауапсыз қалмайды,-деді.

Саулет Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.