НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ШАРУАЛАР БІЗГЕ ЕМЕС, БІЗ ОЛАРҒА ЖҰМЫС ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды.
— Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады.
Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады.
Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге дейін жалпы 17 мың тонна өнім көлеміне 204 дүкенмен келісім шарттар жасалған. Дегенімен келісім жасалған өнім көлемі әр аудан халқының тұтыну нормасы қажеттілігінің 5 пайызын да қамтуға жеткіліксіз.
Аймақ басшысы осыған орай ерте пісетін өнімдерді делдалсыз тікелей дүкенге жеткізу үшін шаруашылықтармен жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.
Өз кезегінде кәсіпкерлік және индустрия- лық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев азық-түлік тауарына үстеме ақыны 15 пайыздан асыра қосып сатқандар туралы мониторинг қорытындысын хабарлады.
Оның айтуынша үстеме ақы талабын бұзғандарға 16 ескерту берілген.
Облыс әкімі талапты бұзғандарға айыппұл салу, шаралар қолдану бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, «Алқаптан сөреге дейін» жобасының орындалуындағы кемшіліктерге тоқталып, соған сәйкес жауаптыларға қатаң ескерту жасады. «Айналым схемасы» бойынша аудандар тарапынан берілген өтінімдердің көлемі көңіл көншітпейтінін атап өтіп, бұл тұрғыдағы «Тараз» ӘКК» АҚ-ның әлсіз жұмысын сынға алды. Тиісті тұлғаларға Меркі ауданындағы пилоттық жоба тәжірибесін қалған аудандарды іске асыру міндеттерін жүктеді.
Жиында, жергілікті отандық тауар өндірушілермен өндірілетін тауарларды өткеруші сауда орындары арасында жасалған тікелей және форвардтық келісім-шарттар іс жүзінде нәтижесіздігін, жасалған келісімшарттардың негізінде жұмыстар бірқатар аудандарда ұйымдастырылмағандығы да айтылды.
— Мемлекет халықтың жағдайын жақсарту, тұрмысын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдауда. Бұл орайда өңірлік деңгейлерде бағаны тұрақтандыру, бақылау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі маңызды.
Осы орайда жұмысқа деген көзқарасты өзгертетін кез келгенін тағы да еске саламын. Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуіміз керек. Жағдай жасап, қолдау білдіріп, тиісті жеңілдіктерге қол жеткізу үшін көмек көрсетуіміз қажет. Жауапты басшылар, мемлекеттік қызметкерлер осыны түсінуі тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Нуржан Нуржигитов: Предприниматели и крестьяне не должны работать на нас, это мы должны работать на них
На прошедшем под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова совещании были всесторонне проанализированы вопросы контроля за ценами на продуктовые товары, мониторинговой работы, обеспечения социальных магазинов, готовности хранилищ.
– Главное требование – усилить работу по стабилизации цен на социально значимые товары. Для этого у нас приняты необходимые меры, подготовлен план. Да и потенциала достаточно, чтобы проводить эту работу на должном уровне. И тем не менее мы не можем сказать, что деятельность ответственных за этот процесс лиц удовлетворительна, – дал свою оценку аким области и поинтересовался ходом выполнения данных ранее поручений.
Руководитель управления сельского хозяйства доложил о текущем состоянии овощехранилищ и форвардных договорах с крестьянскими хозяйствами.
Согласно поручению акима области по заключению договоров без посредников между хозяйствами и торговыми центрами по реализации продукции на сегодняшний день заключены договоры с 204 магазинами на поставку 17 тысяч тонн продукции. Но объем продукции, на которую заключены договора, не обеспечивает и 5 процентов нормы потребления жителей каждого района.
В связи с этим глава региона сделал акцент на необходимости активизации работы по заключению соответствующих договоров.
В свою очередь руководитель управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Аспандияр Сейсебаев доложил об итогах мониторинга торговых точек. За превышение реализаторами 15-процентной надбавки на продовольственные товары было выдано 16 предупреждений.
Аким области поручил усилить работу по наложению штрафов на нарушителей, принятию необходимых мер. Наряду с этим он заострил внимание на недостатках реализации проекта «С поля до прилавка», строго предупредил ответственных. Подверглась критики и деятельность АО «СПК «Тараз».
– Государство принимает масштабные меры по повышению качества жизни народа, улучшению бытовых условий. В связи с чем на уровне регионов нужно непрерывно проводить работу по стабилизации цен и контролю за ними. Еще раз напоминаю, что настало время изменить отношение к работе. Предприниматели и крестьяне не должны работать на нас, это мы должны работать на них. Нам необходимо создавать для них условия, оказывать поддержку, помогать в получении предусмотренных льгот. Ответственные руководители, государственные служащие должны понимать это, – сказал Нуржан Нуржигитов.
Пресс-служба акима
Жамбылской области