ОБЛЫС ӘКІМІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ПЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.

Алғашқы болып сөз алған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, зерделеулер кезінде орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, техникалық жай-күйлері, негізгі және резервтік отын қорларымен қамту мәселелері бойынша бірқатар кемшіліктер анықталған. Бүгінде оларды реттеу үшін тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма басшысы штабтың жұмыс тобымен қыркүйек айынан бастап аталған жұмыстардың орындалуы зерделенетіндігін жеткізді.

Облыс әкімі қазандықтарды дайындыққа келтіру жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екендігін ескертті. Сондай-ақ, тұрғындар көмір тапшылығы және баға өсімі қалыптаспай тұрған кезде отын қорын қалыптастырып алуының маңыздылығын, Жаңатастағы орталық қазандыққа мазут жеткізуде мәселе болмауын, бұған дейінгі қателіктерден сабақ алу керектігін баса айтты.

Аймақ басшысы Тараз қаласын- дағы жылу беру кәсіпорындары мен жылу жүйелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапалы, мерзімінде аяқталуын, денсаулық сақтау, білім беру салалаларындағы нысандардың және көпқабатты үйлердің тиісті мерзімде толығымен дайын болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыстық филиалы директорынының міндетін атқарушы Ғайни Аймағамбетова медициналық сақтандыру мәселесі туралы хабарлады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне Жамбыл облысы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны 915 200 адамды құраған. Сақтандырылмаған халық саны 235 372 адам (20,4%).

Аударымдар мен төлемдердің тұрақсыздығына байланысты 42 070 адам жүйеден шығарылмақ.

— Соңғы 12 айда 171,3 мың адамнан медициналық сақтандыру жарналары түспеген. Сондай-ақ, 42,1 мың адамның тұрақты жарна төлемеуінен мәліметтері көрінбей қалуда.

Олардың қай елді мекеннен және кім екенін анықтау мүмкіндігі болса, аудан әкімдерімен әр  азаматтармен жұмыс жүргізуді жолға қою керек. Қарызы бар жарна құюшылар бойынша қандай шаралар қабылдау қажет.

Сақтандарылмаған тұрғындардың санын азайту үшін жан-жақты жұмыстарды ұйымдастыру маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі медициналық көмектің сапасыздығы мен ақ халаттылардың мәдениеттілігіне қатысты тұрғындардан жиі шағым түсетініне назар аудартып, денсаулық сақтау басқармасына нақты міндеттер жүктеді.

Жиын қорытындысымен медицина- лық сақтандырылмаған азаматтардың санатын анықтап, оларға жарна төлеу қажеттілігін түсіндіру, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмек пен дәрігерлердің қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша шара қабылдау тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Глава региона поручил вести регулярных мониторинг качества медуслуг населению

На очередном аппаратном совещании под председательством акима области Нуржана Нуржигитова рассмотрены ход подготовки к отопительному сезону и работы по медицинскому страхованию граждан.

По словам руководителя управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Кудайбергена Корганбаева, выявлен ряд недостатков в вопросах готовности, технического состояния центральных и автономных котельных и социальных объектов, обеспеченности основными и резервными запасами топлива. Сегодня ведется работа по их устранению. Вопрос подготовки к отопительному сезону находится на контроле рабочей группы.

Аким области напомнил, что работы по приведению котельных в готовность должны быть завершены до 15 сентября. Он также подчеркнул важность формирования населением запасов топлива в условиях дефицита угля и роста цен, решения проблем с поставкой мазута на центральную котельную в Жанатасе, чтобы не повторять прошлогодних ошибок.

Глава региона поручил держать на контроле качество, своевременность завершения ремонтных работ на теплоснабжающих предприятиях и теплосетях города Тараза, полную готовность объектов сфер здравоохранения, образования, а также многоэтажных жилых домов в соответствующие сроки.

Как сообщила исполняющая обязанности директора областного филиала НАО «Фонд социального медицинского страхования» Гайни Аймагамбетова, на 1 июля текущего года число застрахованных жамбылцев составило 915200 человек. Не застрахованы 235372 человека (20,4 процента). Из-за нестабильности отчислений и платежей из системы будут выведены 42070 человек.

— За последние 12 месяцев не поступило взносов за медицинское страхование от 171,3 тысячи жамбылцев. Также из-за неуплаты регулярных взносов сведения по 42,1 тысячи человек недоступны, — отметила Г. Аймагамбетова.

— Если есть возможность определить, из какого населенного пункта и кем являются неплательщики, акимам районов необходимо наладить работу с каждым из них. Необходимо принять меры по погашению долгов и организовать всестороннюю работу по сокращению числа незастрахованного населения, — подчеркнул Нуржан Нуржигитов.

Аким области обратил внимание, что от жителей часто поступают жалобы на некачественную медицинскую помощь и культуру людей в белых халатах, и поставил конкретные задачи перед управлением здравоохранения.

По итогам совещания было поручено определить категории незастрахованных граждан, разъяснить им необходимость уплаты взносов, вести постоянный мониторинг качества медпомощи, деятельности врачей в организациях здравоохранения и принять меры по его результатам.

Пресс-служба акима области

Leave A Reply

Your email address will not be published.