ҰЛТТЫҚ ӨНЕР — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

0

Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған.

Сол себепті оларды біліп жүру, өмірде іске асыру да артық етпес. Салтымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық өнерімізді  болашақ ұрпағымыздың санасына сіңіре білу баршамыздың міндетіміз. Осыған орай   «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын аясында  Саудакент ауылының көркемөнерпаздары келешек жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылыққа деген талпынысты арттыру,  жас талант иелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, мәдени мұраларымызды қастерлеуге үйрету мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында концерттік бағдарлама  ұйымдастырды.  Шарада ардагерлер құттықтау сөз сөйлеп, аудан тарихына кеңінен тоқталып, өнерлі жастарымызға ақыл-кеңестерін айтты.

Іс-шарада ұлттық музыкамызды  ұлықтап, жас буынға дәріптеп жүрген «Өрлеу»  фольклорлық ансамблінің орындауындағы Құрманғазының «Адай», Түркештің «Көңіл ашар» күйлерін орындады. Содай-ақ өнерлерімен ауданымыздың атын шығарып жүрген, түрлі байқауларда топ жарған ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары «Туған жер», «Жаса, қазағым», «Ауылым», «Қазағым» патриоттық тақырыптардағы әндерді шырқап,  Саудакент аспанын әсем әуенге бөледі.  «Қазына»  би тобы «Қазақ»,  «Өзбек»  билерін мың бұрала биледі.

Кешке жиналған ауыл тұрғындарымен қонақтары ауыл өнерпаздарына алғыстарын жеткізді.

«Sarysý-aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.