ІНДЕТПЕН КҮРЕС- БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ

0

Коронавирус індеті жер жаһанды құрсаулап, ахуалды күннен -күнге қиындатқаны баршамызға белгілі. Індеттің алдын алу мақсатындаҮкімет қазақстандықтарды вакцина салуға шақыруда. Дегенмен қарапайым халықтың көкейінде сан-сауал туындайды. Бірі ойланбастан екпе салғызса, екіншісін күмән бойлайды.

Осы орайда, коронавирусқа қарсы вакцинацияға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға, аудандық орталық аурухананың директоры Бағлан Қыдырбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

— Бағлан Жарылқасынұлы, вакцина салдырудың тиімділігі неде?

-Коронавирус инфекциясынан сақтану жолдарының бірі, ол вакцина алу және әр алты ай сайын ревакцинация салдырту. Вакцина алған адамның ағзасында вирусқа қарсы антиденелер қалыптасып, вирус ағзаға түскен кезде антиденелер вирустың күшін жояды. Сондықтан толық вакциналық компоненттерін қабылдаған адам коронавирус инфекциясымен ауру қауіпі едәуір төмендейді.

Қазір Қазақстанда қандай вакциналар қолданылып жатыр?

— Қазіргі таңда Қ.Р-да өзіміздің отандық «QazVak» вакцинасы кеңінен қолдануда. Сонымен қатар, Қытай елінде шығарылған «Синофарм» вакцинация, АҚШ- тың  «Пфайзер» вакциналары қолдануда.

— Салынатын вакцинаны таңдап алуға бола ма?

— Бүгінгі күні аудан тұрғындарын ревакцинациялау жұмыстарына «QazVak»,  «Синофарм» вакциналары қолдануда. Айта кететін жайт пфайзер вакцинасын  тек жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салудамыз.

— Вакцинаны сатып алуға бола ма?

-Қазір мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. «Қара» нарықта қандай да бір «вакцина» пайда болыпты-мыс дегенге ұқсас оқиғалар көп болды. Менің пайымдауымша, осы жағдайды ескере отырып, қазір барлығы мемлекеттің бақылауымен өткізіліп жатыр. Республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакциналар тегін.

Жүкті әйелдерге вакцина салдыруға бола ма?

— Жүкті әйелдерге 16-37 апта жүктілік аралығында «Ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсатында, Пфайзер вакцинасын салдыртуда.

-Балаларға ше?

— Жыл басынан ҚРДСМ қаулыларына сәйкес , 12 -17 жас аралығындағы жасөспірімдерге «Пфайзер» вакцинасы салуда. Қазіргі таңда аудан бойынша вакцина салған жасөспірімдер 105 пайызды құрап отыр.

— Созылмалы ауруға шалдыққан адамдар вакцина салдыра ала ма?

— Созылмалы аурулармен диспанцерлік есепте тұрған адамдарға вакцина бірінші кезде салу қажет. Өйткені бұл тұлғалар созылмалы аурулары болуына байланысты, иммунитеттері төмен болады. Сондықтан қауіпті топқа жатады.

— Вакцина мутацияланған штамдардан қорғай ма?

— Еске сала кету керек, мутация тек адамдарда және үнемі болады. Тек кей мутациялар басқаларға қарағанда «сәтті» шығады. Сол себепті адамдардың барлығы ертерек екпе алса, вирустың аждаһаға айналу мүмкіндігі де төмендейді.

— Егер тұрғындар вакцинация алдында суықтап,  болмаса КВИ- мен ауырып қалса  сондай жағдайда қай кезде вакцина алуға болады.

-Егер вакцина алатын тұлға вакцина алатын алдында ауырып қалса, дәрігерлер уақытша вакцина алуға жазылғанша рұқсат берілмейді. Коронавирус инфекциясымен ауырған жағдайда үш айдан кейін вакцина салдыруға болады.

-Індетпен күресуге дайындықтарыңызды айтып өтсеңіз.

— Індетпен күрес баршамыздың міндетіміз. Әр адам санитарлық шараларды сақтап жүрсе бұл індетпен күресу жеңілдей түседі. Қажет болған жағдайда Сарысу аудандық ауруханасы, жұқпалы аурулар бөлімшесінен коронавирус инфекциясына қарсы 80 төсек ашуға    дайынбыз, аудан бойынша 9-ИВЛ (өкпенің жасанды желдетуі) құрылғысы, 36-оттегі концентраторы бар. Адамзат баласы қазір әлемді жайлаған қатерлі індетпен күрес бағытында барынша белсенді күрес жүргізіп келеді. Коронавирус инфекциясына қарсы біздің елімізде де тиісті іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылып отыр. Десе де қай кезде де жауапкершілік мәселесіне немқұрайлы қараудың ешбір реті жоқ. Тұрғындар қатерлі індеттің өршіп кетпеуі үшін барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектей тұрғаны дұрыс. Өкінішке орай, қазір халық арасында осындай талаптар сақтала бермейді. Қазақ халқында «Күн жаманы кетер» деген нақыл сөз бар. Халқымыз талай зауал мен зобалаңды, індет пен нәубетті бастан өткізді. Еңсемізді езіп кеткен сол ауыр күндер де бүгінде артта қалды. Сондықтан еліміздің барша тұрғындарын сабырлылық сақтауға, үрей мен қорқынышқа бой алдырмауға шақырамын. Қатерлі індетпен күрес бағытында тиісті іс- шаралардың жүзеге асуына белсенді түрде қатысуымыз тиіс. Ең бастысы, әрбір адам өзінің, отбасының, ағайынның амандығын сақтауға жауапкершілік танытқаны жөн болады.

-Сұхбатыңызға рақмет!

РS.Тегінде дәрігерден сұхбат алу журналист үшін  жеңіл де, екінші жағынан сұхбат беруші  сөзге шорқақ болса, әңгімеге тарту қиынырақ.Бағлан Жарылқасынұлы керісінше, істің де, әңгімеге жарасып жатса шешен бе дерсің. Бір шегініс. Мәселе, сұхбатты неден бастауда. Ол соған дайын ба? Міне, осы тұрғыда екеуі де ортақ тіл табысқаны абзал.

 Г.Баубекова, аудандық орталық ауруханасының

Баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.