ӨНЕР–ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ
Елдігіміздің басты нышаны- өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз. «Өнер- ұлттың жаны» дейді халық даналығы. Кез –келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Осыған байланысты аудан көлемінде мәдениет шаралары кең көлемінде аталып, тойлануда. Осыған орай Жаңатас қаласының орталығында «Отаным — шырқата салған әнім» өнер және мәдениет фестивалін Тоғызкент және Досбол ауылдық округтерінің өнерпаздары ұйымдастырды.
Іс-шарада ауылдық округ өнерпаздары күмбірлеген күйден, жергілікті ақындардың жырларынан шашу шашты.
Жезтаңдай әншілер әуелете ән шырқады. Бишілер тобы мың бұрала би биледі.
Кеш соңында қала қонақтары мен тұрғындары өнерпаз жандарға алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
С.Рысбекұлы,
„Sarysý”