Жерлесіміздің биігі

0

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты кітап оқу жылында Жайылма ауылының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орден иегері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, бірнеше кітаптардың авторы, «Алматы ақшамы» газетінің редакторы, Пернебай Дүйсенбиннің шәкірті Қали Қошқарұлы Сәрсенбайдың «Дүлдүл» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы 10 сынып оқушыларымен жүргізілді.

Мақсаты: Қали Сәрсенбайдың «Дүлдүл» еңбегіндегі ой-тол­ғам­дарды насихаттау; Қазақтың рухани мұрасын, тұлғалық құн­дылықтарды дәріптеу; Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Журналист «Дүлдүл» кітабын өзіміздің жерлесіміз композитор Ілия Жақанов атамызға арнап шығарған. Ол кісінің «Жоқ іздеген Жақанов», «Мырзатай музасы», «Еділ мен Жайық», «Даниярдың әні», «Жамиланың әні» және «Жайлаукөл кештері» әндерінің шығу тарихын оқушылар нақышына келтіріп орындады.
Оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қ. Сәрсенбайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беріп өтті.

 

Эльмира Нұрымбетова,
кітапхана меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.