ЗИЯНДЫ ӨНІМДЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

0

Салауатты өмірге құштарлық жас күннен бастау алады және өскен ортаға, әке-шеше тәрбиесіне байланысты. Темекі тарту адам ағзасын баяу улайды. Адам өзіне ғана емес қоршаған ортағада темекі түтінімен зиян келтіреді. Темекі ми мен жүрек тамырларының жұмысын бұзады. Өкпенің көпіршіктерін зақымдап, демікпе және  қауіпті ісік ауруларына әкеліп соғады. Қазіргі таңда темекілердің түрлері өте көп кездеседі, олардың бірі  «Айкос» электронды темекісі. Олар фломастер тәріздес, өте қол жетімді интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдер сатып алуда. Сондықтан ата- аналарға темекі ретінде күдік тудырмайды. Электронды темекілердің жай темекіге қарағанда  зияны 2 есе көп,  жай темекіден артықшылығы сырты өте қанық боялған және олар гаджет батареялармен қуатталады, сол себепті жасөспірімдер қызығушылық танытады.

Ел болашағы жастардың қолында, ол үшін өскелен ұрпақ денсаулығы мына Біз бен Сізге қатысты. Сондықтан  темекінің зияны туралы алдын алу мақсатында отбасында түсіндірілуі қажет. Мектеп қабырғасында балаларға темекінің денсаулыққа зиян екенін тәрбие сағаттарында айтылып  отыруы, денсаулық бұрышында тақырыпқа сәйкес оқушылардың назарын аударатындай санитарлық  бюллетеньдер ілінуі тиіс.

Ж.Байтикова,

аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау

 басқармасының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.