КӨРСЕТКІШ ЖОҒАРЫ

0

2022 жылғы қаңтар- маусым айларындағы Сарысу ауданының әлеуметтік–экономикалық дамуының көрсеткіштері

2022 жылғы 1 маусымға ағымдағы есеп бойынша Сарысу ауданында халық саны – 44704 адам, оның ішінде  Жаңатас қаласында — 23567 адам, ауылдық округтерде 21137 адам болды.

Сарысу ауданы  бойынша 2022 жылғы 1 шілдеге  ірі қара мал саны  25295  басты,  қой мен ешкі – 283233 басты,  жылқы – 8592 басты,  түйе – 3230  басты құрады. Сонымен қатар, аталған мерзімде 3528,6 тонна ет, 3041,4 тонна сиыр сүті, 240,2 тонна қой жүні, 2077,7 мың дана  жұмыртқа өндірілді.

Аудан бойынша 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі  – 934,1  млн. теңгені, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі  — 13268,5 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй –  6479 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 2866  млн. теңгені, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 33084,4 млн. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі —  4638,2 млн. теңгені құрады

Leave A Reply

Your email address will not be published.