ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

0

Тоғызкент ауылындағы балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары аудан намысын қорғап, жүлдегер атанып жүр.

Атап айтар болсақ жуырда Орал қаласында Қазақстан Республикасының Чемпионатында дойбыдан 100 шаршылы классика- рапид түрлерінен турнир өтті. Аталмыш жарыста Тоғызкент спорт мектебінен Жанерке Ермаханова ІІ- орынды қанжығасына байласа, Ұланқызы Қаракөз жүзден жүйрік шығып ІІІ-орынды иеленді.

Жүлдегер атанған спортшыларымыз алғысын былай жеткізді:

— Осы жеңісімізді қазақ еліне арнаймын. Қолдау көрсетіп жатқан тұлғаларға алғысымыз шексіз. Жаңа Қазақстанның дамып, өркендеуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді.Сондықтан алдағы күндерде Отаным, Туған жеріміз үшін аянбай еңбек ету біздің басты борышымыз деп санаймыз, — деді.

Жеңімпаз спортшыларымыз әлем ареналарында жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол.

С.Есқараев,

„Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.