ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

0

Сарысу аудандық сотында «Сот шешімін орындау адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын әділ сот арқылы қорғау құқығының ажырамас бөлігі» тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстелге  сот төрағасы М.Үркімбаев  кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова, аудандық прокуратураның аға прокуроры А.Айтжанов,  жеке сот орындаушы Ш.Молдатай, Талас ауданаралық аумақтық бөлімінің  сот орындаушысы Г.Байзакова қатысты.

Сот төрағасы М.Үркімбаев өз кезегінде жергілікті деңгейде әділет органдарының өкілдерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, сот актілерінің орындалмау нәтижесінде елеулі сома мемлекеттік бюджетке түспеу  себептерін зерделеп сот актілерінің орындалуы деңгейін жоғарылату қажеттілігін айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жергілікті  сот орындаушыларындағы  атқарушылық іс жүргізу құжаттарының орындалмау себептерін анықтап,  сот актілерін орындау мәселесінің шешілу жолдарымен  және өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Sarysý-AQPARAT»

Leave A Reply

Your email address will not be published.