АШЫА ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

0

«Жаңатас жел электр станциясы»  компаниясында «Өмірді жақсартатын төмен көміртекті технологиялар» тақырыбындағы аймақ тұрғындарына арналған ашық есік күнін өткізді.

 

Шараға аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, аудан әкімінің және қала әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің мүшелері және мектеп оқушылары қатысты.

Іс- шарада  «Жаңатас жел электр станциясы» қызметкерлері  ардагерлер мен оқушыларға  копанияның атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Айта кетейік Жаңатас жел электр станциясы жобасы – Орталық Азиядағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасына жауап ретінде Қытай мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы инвестициялаған және салған бірінші жоба. Жобаның жалпы орнатылған қуаты 100 МВт, Қытайдағы Envision Energy компаниясы шығарған 40 2,5 МВт жел турбиналары жылына 350 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді, бұл 200 000 отбасының электр энергиясына қажеттілігін қанағаттандыра алады. Жобаға жалпы инвестиция көлемі 150 миллион АҚШ долларын құрайды, құрылыс Мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы мен қазақстандық серіктес «Visor Kazakhstan» компаниясымен бірлесіп жүргізілді. 2018 жылдың ақпан айында бұл жоба Қытай мен Қазақстан арасындағы өндірістік қуаттар кооперациясының негізгі жобаларының тізіміне енді. Құрылыс 2019 жылдың шілде айында басталған. 2021 жылдың маусым айында жоба толығымен электр желісіне қосылды.

Аталмыш компания 2019 жылы құрылыс жұмыстары басталған кезде медициналық көмек көрсету және халықтың игілігін қамтамасыз ету мақсатында Сарысу ауданының орталық аудандық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйға тартты. 2020 жылы аз қамтылған отбасылар үшін пәтерлерді жөндеп, жаңатастықтардың мәдени-әлеуметтік демалыс орнына айналған Ынтымақ аллеясын қайта салып, көркейтті. 2021 жылы  «Ақбұлақ» бұлағын қалпына келтіруді бастады, монтаж жазда аяқталады, одан кейін пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні компаниядан келген қайырымдылықтың жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асты. 2020 жылы кәсіпорын Сарысу ауданы әкімдігінің «Әлеуметтік-экономикалық үлес» және «Үздік кәсіпорын» құрметті атақтарына ие болды.

                               «SARYSÝ-aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.