Туы биік, тұғыры берік- ҚАЗАҚ ЕЛІ!

0

4 маусым-ҚР  Рәміздеріне  30 жыл толуына орай Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен „Туы биік, тұғыры берік -Қазақ елі!” атты  тарихи рандеву болып өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, жас оқырмандарымыздың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсіндіру, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді құрметтеу, тарихын, елін, жерін сүюге, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

„Жаз. Балалар. Кітап” жазғы оқылым жобасы аясында  ашық аспан астында „Туы биік, тұғыры берік- Қазақ елі „ атты тарихи рандеву балалар ойын алаңынан басталды.Тәуелсіз елдің ұлттық нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, Ата Заң, Елтаңба, Ту, Әнұранның символикалық айырым белгілері туралы түрлі сұрақтар қойылып, оқырмандар белсенділікпен жауап берді.  Оқырмандар „Елтаңба”, „Қазақстан Жалауы”, „Көк Туым”, „Әнұран” атты өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Шара жалғасы мәдениет үйінің алдында  концерттік ән шашумен жалғасты. Шара соңында „Рәміздерім- мақтанышым” атты  кітап көрмесі қойылып, „Менің  елім Қазақстан”, „ҚР Мемлекеттік Рәміздері Тәуелсіздік нышандары”, „Қазақстан тарихы” көркем суретті т.б.кітаптарға шолу жасалды.

Ұлттың айшықты таңбасы

Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен  аудандық кітапхананың  ұйымдастыруымен 4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл толуына арналған «Мемлекеттік рәміздер-ұлттың айшықты таңбасы» атты  04-21 тобының қатысуымен библиофреш өтті.

Қазақстан Республика- сының болашақ жастарына мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін,өз елінің тарихын қадір тұтатын, елін, жерін сүйетін, Отанын қорғауға, оның тағдырының жарқын болуы үшін үлес қосатын Отаншыл жастарды тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы Балгерім Қойлыбаева жүргізді. Кеш Қазақстан  Республикасының Мемлекет- тік Әнұранымен басталды. А.Оразақынның «Рәміздерім», «Әнұран» өлеңін 04-21 тобының студенті Аман Арай,  Шубай Маржанның  «Тұғыры биік Рәміздер» өлеңін Боранбаева Арайлым, Б.Бәмішұлының «Ту»  өлеңін Тазабекова Ақтілек, «Елтаңба» өлеңін Асқар Назгүл нақышына келтіріп оқыса, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туына Алихан Айсұлу, Қазақстан Республикасының Елтаңбасына Тілеулі Аида және Қазақстан Республикасының Әнұранына колледж кітапханашысы С.Абдирова кеңінен тоқталып өтті.  Кешті кітапханашы Қадырбекова Раушан «Туған жер» әнімен аяқтады. Шара соңында арнайы ұйымдастырылған «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Рахымбаева Луиза библиографиялық шолу жасалып, аудандық кітапхана атынан белсене қатысқан студенттерге Алғыс хаттар табыс етілді.

Камели Сүлейменова,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.