РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ — ХАЛЫҚТЫ ҚҰРМЕТТЕУ

0

Биыл рәміздеріміздің  қабылданғанына  30 жыл толды. Рәміз — халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Осы орайда  ауданымызда рәміздер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шара аудан орталығында тұрғындар арасында ұйымдастырылған қашықтыққа жүгіру марафонынан бастау алды. Іс-шараны аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ашып,  аудан тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар  аудандық мәдениет үйінің алдында тәуелсіз мемлекетіміздің желбіреген Туын, ерекше Елтаңбасын, асқақтай әуелеткен Әнұранын құрметтеу мақсатында автошерулер  тобы қолдарына мемлекеттік нышан – көк Байрақты алып, сап түзеді.  Егеменді еліміздің ең қастерлі нышанын  ұстаған топ  қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.   Одан кейін  мәдениет үйінің алдында  «Мемлекеттік рәміздер- Ұлттық мақтанышымыз» атты  ашық аспан астындағы концерт өтті.  Салтанатты шарада  ауданымыздың жез таңдай әншілері  әуелете ән шырқады.

Мемлекеттік рәміздері- міздің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ауылдық округтерде кең көлемінде аталып өтті. Сондай-ақ   аудандық «Жастар ресурс- тық орталығы» КММ-нің  қызметкерлері  аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне барып,  4 маусымда дүниеге келген сәбилер мен аналарды құттықтау акциясын өткізді.

Орталықтың қызметкерлері  перзентха- надан шығып жатқан жас аналар мен сәбилерге, дәрігерлерге, перзентхана қызметкерлеріне құттықтау сыйлықтарын тапсырды.

Азия чемпионы атанды

Ауданымыздың спортшы ұлдары мен қыздары  халықаралық жарыстарда республика,облыс, ауданымыздың намысын қорғап,әнұранымызды әуелете шырқатып, көк байрағымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының  оқушысы Жаңатас қаласын- дағы №6 спорт мектебінің  жаттықтырушысы Бахыт Батырұлының шәкірті  Сара Шугаева Ливан мемлекеті, Джуния қаласында 2004-2006 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен Самбо күресіне  қатысып,  өз бағын сынады.  Нәтижесінде  Азия елдерінен келген спортшылдардан басым түсіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Сара Шугаева өз сөзінде:

 -Осы жеңісімді  қазақ еліне арнаймын. Қолдау көрсетіп жатқан тұлғаларға алғысым шексіз. Жаңа Қазақстанның дамып, өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан алдағы күндерде Отаным, туған жерім үшін аянбай еңбек ету менің борышым деп санаймын,-деді.

Спортшы С.Шугаева әлем ареналарында жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол.

С.Рысбекұлы,

 „Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.