ЕР АЗАМАТТЫҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

0

      Адам қоғамы үйден, әулеттен басталады. Үй тірегі, екі босағасы — ерлі-зайыпты жұбайлар. «Жұмысың өнімді, өмірің көңілді болсын десең, досың көп болсын және сол достықты ең әуелі жұбайыңнан баста», — дейді дана халқымыз.

Берекеңнің ынтымақта, достықта екенін әркім біледі, бірақ достық, татулық өзінен-өзі келмесе керек. Ол үшін өзара сыйыса, өзара сыйласа білу керек. Кекшіл емес, көпшіл, кешірімді, ырымшыл болу қажет.

Ер адам отбасы мен әйелі алдында абыройлы, қажырлы болғаны абзал. Өйткені, оған жүктелген міндеттер орасан. Сол міндеттерді өз дәрежесінде атқара алған адам тек отбасының ғана емес, ел-жұрттың алдында сыйлы, құрметті бола алады. Аты мұсылман әлеміне әйгілі имам Шәмілді бүкіл Кавказ халқы құрмет тұтқан. Мұның сырын сұрағандарға имам Шәміл: «Мені ең алдымен үйде әйелім сыйлады, содан соң бала-шағам сыйлады, одан кейін көрші-қолаң сыйлады, содан соң ауыл-аймақ сыйлады. Осылайша бүкіл Кавказ халқы құрметтейтін дәрежеге жеттім», — деп жауап берген екен. Өзіне деген құрметтің әйелінен басталғанын имам текке мысал етпесе керек.

Отбасында  ер мен әйелге  ең қажетті- өз міндеттерін жетік білуі. Міндеттерін біліп қана қоймай  оны орындауға  деген ынтасының болуы. Жауапкершілік бар жерде міндеттер сөзсіз орындалады. Жауапкершілік төмендеген жерде  отбасы ірге тасы берік болмайды.Ол шаңыраққа түскен сызат. Халқымызда шаңырақтың иесі ер адам. Жауапкершіліктің басым жүгі  де сондықтан ер азаматтардың мойнында. Шаңырақ иесі сол ер –азаматтың міндеттері қандай?

Олар мынандай:

1) Бала-шағасын бағу.

2) Отбасын баспаналы ету.

3) Бала-шағасын киім –кешекті ету.

4) Балаларына дұрыс тәрбие беру.

5) Қиын жағдайларда отбасы мүшелеріне қорған бола білу.

Ал сіз өз отбасыныздың алдында міндеттеріңізді толық орындап жүрсіз бе?

Ж.Төлепбергенқызы, судья

Leave A Reply

Your email address will not be published.