ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ

0

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы қабылданған болатын. Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

2017 жылы 31 қазанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 689 қаулысы жарық көрді. Аталған қаулыда бұған дейін 22 қыркүйекте аталып келген «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл дата көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі саласының білгірі, ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген.

Жалпы, бұл күн мемлекеттік деңгейде «тіл мерекесі» ретінде аталып келеді. Бұл ретте, атаулы күн «той тойлаумен қатар, ой ойлаудың да» күні екенін ескергеніміз жөн. Өйткені тіл мәселесі қай кезде де ұлттың тарихын, ділін сақтау тұрғысынан өзектілігін жоғалтпаған.

Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата – анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, ділін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген. Еліміз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек.  Бірақ, жоғарыда айтып кеткендей, қанша жылдан бері атқарушы билігіміз тіл туралы саясатты жүзеге асырып келе жатса да, қазақ тілінің дамуы әлі де болса кешеуілдеп тұр.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.

Жайылма ауылдық округі әкімі аппараты КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.