ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

0

«Тілдер туралы Заңының» қабылдануы – көпұлтты Республикамыздағы тілдер проблемасын шешудің, сол арқылы бүгінгі таңның ең өткір проблемаларының бірі – ұлтаралық қатынас мәселесін реттеудің байыпты да салмақты қадамы деуге болады.

Тіл – ойдың көрінісі – ежелгі қағида, ал әдебиет – көркем ой. Демек,тіл мен әдебиет бір-бірінен бөлінбес, егіз дүние.Тіл байлығы – рухани қазына.Тіл танудың күрделі мәселелері  көп- ақ. Солардың ішінде кейде мән бере бермейтін, бірақ бәріміздің де білуіміз қажет, ал тіл мамандары үшін міндетті күрделі мәселенің бірі – «тіл байлығы, сөз қазынасы деп нені айтамыз?» деген сауалға берілер жауап. Бұл мәселені әркім өзінше түсініп, оған байлам айтатын сияқты. «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деп марапаттағанда біз көбінесе тіліміздегі сөздердің санын айтылатын ой-пікірімізді жан-жақты түсіндіруге қажетті сөздердің одан табылуын ескереміз. Бірақ ана тіліміздің қорында қанша сөз барлығын және оның қандай бұлақтардың қайнар көзінен нәр алып,толассыз толығып, байып отыратынын баршамыз біле бермейміз.

Сөз бен тіл әдетте синоним ретінде қолданылады. Бірақ тіл,әрине, ауқымы жағынан сөзден әлдеқайда кең ұғым. Қоғамдағы барша жанның қауымдаса өмір сүруіне қажетті қатынас құралы – тіл  десек, сөз соның ең негізгі элементі болып саналады. Дегенмен, тілмен сөз «тіл байлығы», «сөз байлығы» деген ұғымдарға байланысты бірінің орнына бірі айтыла береді. Әрине, сөздік қоры жұтаң, белгілі себептермен дамымай кенжелеп қалған тілдер өмірде кездеседі. Ондай кемістік әсіресе бай тілдердің жанында ерекше көзге түседі.Дегенмен, «сөздің саны тіл байлығының кепілі бола ала ма?» деген сауал алдымыздан көлденеңдей береді. Егер «бай тіл», «орташа тіл»,«кедей тіл» деген ұғым әрбір тілдегі сөздердің нақтылы санына байланысты айтылатын болса, онда бұл мәселені оңай шешуге болар еді. Бiрақ тіл тәжірибесінде тілдің байлығы тек санмен ғана емес, сапамен де өлшенетіндігі белгілі, санның сапаға көшіп отыруы айқын байқалады.

Сөз болып отырған қазақ тілін ондағы жеке-дара қолданылатын сөз санына қарай қарастырсақ, төмендегі жағдайды көреміз. Мәселен, 10 томдық«Қазақ тіл…Тіл байлығымыздың үлкен бір саласы – ғылыми-техникалық терминдер, бірақ олар қолданысы жағынан біршама шектелген. Қазақ тіліндегі терминологиялық сөздіктердің тізімін алып көрсек, тек Қазан революциясынан кейінгі кезеңде шыққандары 80-нен асады.Осы сөздіктерде қамтылған салалық терминдердің жалпы саны, орыс және интернационалдық терминдер мен қазақ тілі негізінде жасалған терминдерді қоса есептегенде, бүгінгі таңда қазақ тілінің байырғы, яғни,төл сөздерінің санынан асып бара жатыр, термин атаулының саны төлтума өз сөздерімізден көп. Бұл нені көрсетеді? Жер бетінде ауыс-түйісі жоқ тіл кездеспейді. Бірақ заңды түрдегі ауыс-түйістің де белгілі шегі болады.Қай тілде де басқа тілдерден енген ауыс-түйістердің 15–20 проценттен аспағаны жөн. Егер басқа тіл сөздері бұл мөлшерден көбейе бастаса, онда өз тіліміздің табиғатына, табиғи түрде дамуына нұқсан келгені келген.Өйткені әр тілдің өзіндік даму заңы бар және ол заң түгел сақталғанда ғана тіл өз қасиетін сақтап қалады. Ал сыртқы әсер күшейген сайын тіл өз еркінен айырыла береді. Бұл әрине, өз алдына қаралатын жеке мәселе. Дегенмен, тілімізге күн сайын, апта сайын жүздеп, мыңдап еніп жатқан термин-атауларға тіліміз, оның сөздік қоры бейтарап қала алмайды. Оларды біз қабылдауымыз керек және тіл байлығына айналдыру үшін өз тіліміздің ішкі заңына бойсұндыра, оған үйлестіре қабылдауымыз керек. Сонда ғана шеттен енген ауыс-түйістер тілімізге етене сіңісіп, өз сөзіміздей болып кетеді. Бүгінгі таңда тіліміз атау-термин есебінен байымай тұрмайды. Ол процестің жолын бөгеу мүмкін емес. Бірақ ғылым-білімнің 60 шақты саласы бойынша жасалып жатқан терминологиялық лексиканы өз бетімен жіберу деген сөз – тілді ұлттық қасиетінен жұрдай етумен пара-пар.

Б.Есенбаева,

Жаңаарық ауылдық округі

Leave A Reply

Your email address will not be published.