УЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Күн   жылынып ,көктемгі   жауын   басталғанда   саңырауқұлақ   жинау    науқаны да басталады.  Бұл   кезде  көптеген   адамдар топ-топ  болып  саңырауқұлақ  теруге  табиғат аясына шыға бастайды.

Біздің ауданымызда ақ саңырауқұлақтар ,далалық шампиньондар, сморчокопята, көк тұғырлы (синяя ножка),  саңырауқұлақтар,  ағаш   түбірінде   өсетін (пеньковые) саңырауқұлақтар  өседі. Бұл санырауқұлақтар жеуге  жарамды  және  құрамында  соларға ғана тән уы (токсин) болатын улы саңырауқұлақтар  болып үшке бөлінеді.

Адамдардың улануына көбінесе соңғы екі топтағы саңырауқұлақтардан себеп болады, түссіз  поганкадан  улану  өте  ауыр  түрде  өтіп, уланғандардың  90%  қаза болады.  Осы саңырауқұлақтардың құрамында бауыр мен бүйреке ауыр зақым келтіретін улар болады. Адамдар  саңырауқұлақ  жинау  кезінде  кейде   шампиньонды   осы  түссіз   поганкамен шатастырып  алады. Шампиньондардың қалпағының астындағы пластинкалары қызғылт, ал түссіз поганканың ақ болатынын ұмытпау керек .

Саңырауқұлақтан улануды  болдырмау үшін  мына  ережелерді сақтау керек.

—  тамақ дайындауға күдікті немесе өзіңіз білмейтін саңырауқұлақтарды пайдаланбау,

— жаңа  жиналған  саңырауқұлақтар  тез  бұзылатындықтан, оларды сұрыптап, жуып, дереу тұздап, пісіру,

Саңырауқұлақтан уланудың себептері:

— саңырауқұлақтарды   үй    жағдайында    консервілеу, дайындау   кезінде  әзірлеу ережелерінің  сақталмауы,

—  дайындалған саңырауқұлақ өнімдерін ұзақ сақтау.

Үй жағдайында дайындалған (консерві- ленген) саңырауқұлақтардан улану өте қауыпты,  өйткені  топырақтағы  көптеген   микробтар  ішінде (ботулинус)   микробы  да   бар. Ол микробтың  ерекшелігі сыртқы ортаға өте төзімді  келеді де, үй  жағдайында  консервілеу кезінде олар өлмейді, Ал консервіленген банкалардың ішінде оттегі болмағандықтан  олар ең күшті ботулотоксин уын бөліп шығарады.

Саңырауқұлақтан уланудың алғашқы белгілері (жүрек айну, құсу, әлсіздену)

Байқалған   бойдан   дереу дәрігер   шақырту  қажет, дәрігер  келгенше уланған адамға  тұзды суды  аз-аздап жұтып отыру пайдалы ( 1-стакан суға шәй қасық тұз).

Бірінші  дәрігерлік  көмек  көрсетілгенше  уланған  адамды ұйықтатпау керек, уланған адамға қызыл  шәй, кофе, сүт, пенбал жақсы  әсер етеді, арақ  пен  коньяк беруге болмайды,

Желінген улы саңырауқұлақтың қалдығын зертханаға беру керек. Тамақтан улануға бой бермеу  үшін, тағам  саңырауқұлақтың  қай  түрінен  әзірленсе де, күдіктенетін  себептер байқасаңыз, көшелерде, базар аумағында  тексеруден өтпеген тағам саңырауқұлақтарды    пайдаланудан бас тарту керек.

Құрметті  ауыл  тұрғындары   жоғарыда   көрсетілгендерді  ескере   отырып, келесі  іс-шараларды атқарсаңыз өзіңізді  және   отбасыңызды аталған  дерттен қорғай аласыз  өз денсаулықтарыңыз қолдарыңызда екенін естен шығармаңыздар.

Қ.Байбосын,

аудандық санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау

басқармасының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.