ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

0

Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Тоғызкент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Бұхарбеков және Түгіскен орта мектебінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен «Діни сауаттылық- заман талабы» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Р.Исаев, Жастарға кеңес беру бөлімінің басшысы А.Тұрғымбаева, аға инспектор психолог Ж.Қыстаубаева, аға инспектор-теолог М.Тыныс қатысты. Жастарға дәстүрлі емес діни ағымдарға бой алдырудың алдын алу шаралары түсіндіріліп, олардың адамзатқа тигізетін зардаптары туралы айтылды. Қаншама жастар діни сауатсыздықтың және рухани дүниенің таяздығының салдарынан осы теріс ағымдардың қол шоқпары болып кетіп жатқандығына тоқталды. Ж.Қыстаубаева дәстүрлі емес діни ағымдардың ғаламтор желісіндегі құрған торынан сақтанудың жолдарын тренинг арқылы жеткізді.

«SARYSÝ-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.