ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0

Біздің ата-бабаларымыз «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігіне ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік- экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің биылғы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз.  Отаншылдық рухы жоғары ел  көздеген мақсатына  қалайда жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру», деп атап өтті.

Яғни, бұл мемлекетімізді одан әрі нығайту мақсатында халық пен билік арасындағы сенімге негізделген,  мықты мемлекет орнату. Осыған орай  қоғамдағы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жандануы, әрі қарай жалғасын табуы қажет.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

З.Сейдалиев, аудан әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.