ҰРЛЫҚ-ТҮБІ ҚОРЛЫҚ

0

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметке мал ұрлаушыларға  жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының күн көрісі малмен айналысу болып отыр. Ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту үшін субсидиялар беріледі. Мал басының  құны бұрынғымен салыстырғанда үнемі  өсіп келеді.

Мал ұрлау –пайда табудың ең оңай істерінің бірі, осыған байланысты жеңіл жолмен байығысы келетіндердін де саны аз емес.

27.12.2019 жылғы №292-VI  Заңымен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізілді.

Атап айтсақ, Қылмыстық Кодекстің 6 –тарауы 188-1- мал ұрлау баппен толықтырылды.

Бапта қылмыстың 4 құрамы көрсетілген:

  1. Мал ұрлау қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
  2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау, мүлкi тәркiленіп, 3-7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

3.Бірнеше рет немесе тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына заңсыз кіргені үшін қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, 5-10 жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

4.Қылмыстық топ жасаған немесе аса iрi мөлшерде мал ұрлағандардың мүлкі тәркіленіп,  7- 12 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мал ұрлығын жасамас бұрын, бұл әрекет ең ауыр қылмыстардың бірі екенін,  жәбірленушілер үшін де қайғылы зардаптарға әкелетінін есте ұстаған жөн,   өйткені ауылдық  жерлердегі мал кейде ауыл тұрғындары үшін жалғыз табыс болып табылады. Ал мал ұрыларының өздері тағдырларын ойламай, қылмыстық кодекстің  аясында жазаланып, сол арқылы өздерін жарқын әрі таза болашақтан айырады.

Д.Кадерқұлқызы, судья

Leave A Reply

Your email address will not be published.