Аудан әкімімен жас журналистер кездесті

0

Мен Балалар-жасөспірімдер орталығының «Жас журналист» үйірмесінің оқушысымын. Үйірме жетекшісі БҰзауова ГҮлзира және үйірменің белсенді мүшелері Алтынбек Мейрамбек және Асқарқызы Толғанаймен өткен аптада аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев мырзадан сұхбат алуға бардық.

Әкім бізге өзінің балалық шағы,оқыған мектебі туралы әңгімеледі. Өзінің де көптеген қосымша үйірмелерге,оның ішінде спортқа акробатика, жүзу, жүгіру т.б баса мән бергенін айтты. «Қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?» деген сұрағыма, «Әрине барлық пәнді меңгерген дұрыс, дегенмен, ерекше жақсы көрген пәнде- рім, ағылшын тілі, орыс тілі, дене шынықтыру пәндері» дей отырып, Ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, көптеген іс-шаралар жоспары барысымен таныстырды. Сөз соңында, Алтынбек Мейрамбектің «Шәкірттерге, қандай ақыл- кеңес бересіз?» деген сауалына, «Әкім болу арман емес, әкім-халық қызметшісі, халық адамы, халыққа жағдай жасаушы азамат». Әр адам өзінің елі үшін, туған өлкесі үшін, аянбай еңбек етуі тиіс. Ол үшін сендер қазірден білімге ден қойып, жақсы оқып, көп ізденіп, үлкендердің айтқан ақыл-кеңестерін тыңдауларың керек» деп сөзін түйіндеді.

Фарида Қонысбек,
«Жас журналист» үйірмесінің оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.