ЕРЕКШЕ САЯСИ МАҢЫЗЫ БАР АЙРЫҚША ШЕШІМ

0

Республикалық референдум – Президент өз Жолдауында жариялаған реформалар пакетін халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту шарасы. Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар айрықша шешімі.

Бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың өтініштері мен ұсыныстарына негізделгендіктен, Президенттің оларды референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасы  дұрыс  деп айтар едім.

Жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. Жаңа Қазақстан ұғымын сан-саққа жүгіртіп, бұрмалауға болмайды. Азаматтардың бәрін ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де елімізді жаңартуға қауқарсыз. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет. Жаңа Қазақстан әділдіктің территориясына айналуы керек. Ол үшін тек заңның әріптерін ғана емес, рухын да ұстану қажет. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдіріліп отыруға тиіс. Заң, әділдік және тәртіп біздің бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады, – деді Президент.      Қазақстандағы қазіргі референдумның ерекшелігі – Мемлекет басшысы Конституциялық реформаны кеңейтпейді, керісінше өз өкілеттіктерінің бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөледі. Осылайша, Конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум Екінші республиканың – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа, неғұрлым тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізін қалайды Оған қоса, бұл реформалар Президент ұсынып келе жатқан біршама саяси бастамалардың логикалық жалғасы немесе іске асуы десек, қателеспейміз. Мысалы, сол кезде Мемлекет басшысы шешім қабылдауға азаматтарды белсенді араластыруға шақырды. Енді жартылай мажоритарлы сайлау жүйесінде партияға кірмеген азаматтар да Парламентке депутаттыққа сайлана алады. Бұдан бөлек, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алады.

С.Бегеев,

 Қазақстанның Құрметті депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.