Аң-құстар да адамның қамқорлығына зәру
Біз адамдар, табиғат-ананың перзенттері ретінде оған қамқорлық танытып, төсінде ойнақтаған аң-құсы мен кеудесін тесіп шыққан өсімдігін аялауымыз қажет. Осынау табиғат байлығын сақтап қалуда орман шаруашылығының атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Олар әсіресе жабайы тұяқты жануарлардың санын көбейтуге бейілді және соған жағдай жасап отыр. Оларға жем-шөбін беріп, тұз бен дәнді дақылдарын шашып, қоректендіру жұмысын үзбей жүргізіп келеді. Жыртқыштар да ұдайы бақылауда.
Қыс мезгілінде ауа температурасы мен қардың төмендеуі жануарларға жем іздеуді қиындатады және олардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Осыған орай,биотехникалық шаралар мен қысқы азықтандыру жұмыстары аясында «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің, қызметкерлері Байқадам орманшылығында, орман қоры жеріне жабайы аң-құстарға қыс мезгілінде қосымша жем-шөппен қоректендіру жұмыстарын жүргізді.
Қыстың қалың қарлы және қатқақ мұзды кезеңінде жабайы аң-құстардың санын және популяциясын сақтау мақсатында жануарлардың жүретін жолдары, жайылымдары мен суат көздері бар жерлерде арнайы жасалған астауларға жем салынды. Іс-шара қыс айларының соңына дейін жүргізілетін болады.
С. РЫСБЕКҰЛЫ, «SARYSÝ»