МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

0

„Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасының, 19 — бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының және 20, 21 және 22-баптарының, „мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы негізінде 4 Мемлекеттік қызмет) көрсетіледі:

— эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күні);

-қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақ- тарына, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (қызмет көрсету мерзімі-10 жұмыс күні);

— халықтың санитариялық-эпиде- миологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу (Қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні);

— патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминт- термен жұмыс істеуге рұқсат беру (қызмет көрсету мерзімі-10 жұмыс күні).

Барлық мемлекеттік қызметтер „электрондық үкімет”веб-порталы www.egov.kz,  www.elicense.kz арқылы қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тегін негізде көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барынша ашық және қолжетімді.

 Е. Сұлтанбеков, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.