ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0

Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет болып саналады.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ:

— «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

— «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

— «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

— «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

— «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

—        «Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Орталық директорының қабылдау бөлмесінде мөрленген және пломбаланған сенім жәшігі орнатылған, сонымен бірге сенім байланыс телефондары: 6-18-47, 6-10-27.

Қазақстан Республикасы сыбай- лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаметінің үйлестіруімен ауданда құрылған Сервистік әкімдікте орталықтың қызметкері Халықты жұмыспен қамту орталығы көрсететін мемлекеттік қызметтер, «Ұлттық жоба» аясында және атаулы әлеуметтік көмек бойынша аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, Сарысу-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінде 2021 жылы бір рет адал көмек акциясы аясында халықпен тікелей эфирде (facebook және instagram әлеуметтік желілерде) ашық сұхбат берілді. Әлеуметтік желілерде, яғни жұмыспен қамту орталығының facebook және instagram парақшаларында және жергілікті «Сарысу» газетіне орталықтың атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы мақалалар тұрақты түрде жариялануда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық  көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу жолдарын өскелең ұрпаққа толық мағлұмат беру болып табылады. Осы орайда, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.