Ел ардақтаған тұлға

0

Өткен аптада аудандық кітапханада  ауданның Құрметті азаматы, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына еңбек сіңірген Тыныштық Бегматқызының 80 жас мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.

Шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудан ақсақалдары,  Талас ауданы әкімінің орынбасары А.Абдібекова, Талас ауданының  ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сатыбалды қатысты.

Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев  құттықтау сөз сөйледі:

—  Бектөреева Тыныштық Бегматқызы 1942 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.

Т.Бектөрееваның еңбек жолы 1964 жылы Бүркітті ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепте мұғалім болып бастады.Кешкі мектеп, П.Морозов атындағы мектеп директоры қызметтерін атқарды. Жаңатас қалалық Кеңесінің жауапты хатшысы, қалалық Кеңес төрағасының орынбасары, бөлім меңгерушісі болды.

 Жаңатас қаласының зейнеткерлік қорының меңгерушісі,  Жаңатас қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. «Отан» республикалық саяси партиясының Сарысу аудандық өкілдігі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Сарысу аудандық филиалы төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарды,-деп Тыныштық Бегматқызының атқарған қызметіне алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар  облыс әкімінің Алғыс хатын  және Талас ауданы әкімінің орынбасары А.Абдібекова Талас ауданы әкімінің құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев құттықтау хатын тапсырды.

Т.Бектөрееваның  еңбек жолында ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына аянбай қызмет атқарған замандастары уақытты ойша кері айналдырып, тарихтан сыр шертті.

Сәулет Есқараев,«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.