ЗАҢ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

0

2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соның ішінде  атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.Заңда келесі өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (әрі қарай — Заң) 39-бабы 2) тармақшамен толықтырылған, яғни борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.

Заңның 47-бабы 10) тармақшамен толықтырылған: «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес ипотеканың тоқтатылуы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерінің бірі болып табылады. Яғни, «Республикалық бюджет туралы» Заңымен тиісті қаржылық жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерін екі есе асатын тыйым салынатын басқа мүлік немесе кірістер борышкерде — жеке тұлғада болмаған жағдайда. Сонымен бірге, Заңның 74-бабының 2-тармағы 3) тармақшамен толықтырылған, сот орындаушысы борышкерге тұрғын үйді 3-ай мерзімге өз бетінше сату құқығын беруге міндетті (бұрын сот орындаушысы рұқсат беріп, дербес орындау мерзімін белгіленген).

Сонымен қатар борышкерге берілген мүлікті дербес жүзеге асыру  мерзімі өткенге дейін, мүлік сауда-саттыққа шығарылмайды. Елеулі заңнамалық өзгерістер электрондық сауданы өткізу тәртібіне әсер етті.

Заңның 80-бабына түзетулер бойынша электрондық аукционға сатып алушылар ретінде кепіл ұстаушы және оның жұмыскері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ онымен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар; егер оның жұмыскері немесе құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлға; егер оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлға; сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы); борышкер қатыса алмайды.

Сондай-ақ, Заңның 80-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді:

Жылжымайтын мүліктің екі кезеңді электронды аукционы енгізілген. Егер бұрын аукцион құнның өсуімен басталып, содан кейін сатып алушы болмаған жағдайда бастапқы құнның 50 пайызы шекті мәнімен төмендетуге көшумен жалғасатын болса, қазір жылжымайтын мүлік аукционы екі кезеңде өткізіледі. Біріншісі борышкердің мүлік сатуға беру туралы қаулыда көрсетілген құнды ұлғайту мақсатында ғана жүзеге асырылады және де мүлікті сатып алғысы келетіндер болмаған жағдайда аукцион өтпеген деп танылады. Екінші аукцион 10 жұмыс күнінен кейін өткізіледі, азайту шегі жылжымайтын мүлік бойынша бастапқы құнның 75 пайызын құрайды (яғни сату кезінде жылжымайтын мүлік бағалау құнының 75 пайызына тең сомаға сатылуы мүмкін) қалған мүлікке қатысты 50 пайыз төмендеу сақталады.

Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»    Заңның 84-бабына енгізілген өзгерістеріне сәйкес, егер онлайн режимінде тіркелген екіден кем қатысушы қатысса, электрондық аукцион өтпеді деп танылады (техникалық мүмкіндіктері бар).

Заңның 126-бабында көзделген елеулі қосымша: мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастыру:

Заңның 126 бабының   16 тармағының 1 тармақшасы  қосымша 16-1) тармақшасымен толықтырылды:

«16-1) тармақшасы бойынша  сот орындаушысы  мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатын тоқтата тұру туралы сотқа   ұсыныс енгізуге құқылы.

16 тармақтың 2 тармақшасы  қосымша  3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылды:

«3-2) тармақшасының талабы  бойынша  сот орындаушысы  мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатының бар-жоғы туралы анықтау мақсатында ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жүгіне алады;

3-3) тармақшасы бойынша  сот орындаушысы осы санаттағы атқарушылық құжаттың талаптары орындалған күннен  кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей  жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою үшін шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады.

Сот орындаушысының шектеуді алып тастау туралы  қаулысының  көшірмелері Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына  орындау үшін  және  борышкерге мәлімет үшін  жолданады.

Г.Байзакова,

«сот актілерін орындау жөніндегі Талас ауданаралық аумақтық бөлімінің»

сот орындаушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.